негізден іздейтін. Этногенетикалық үрдістің басы - алғашқы қауым дәуірінен
басталады. Орталық Азия көлемінде болған этникалық үрдіс түрлі саяси
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қауымдастықтарды дамытты. Соның алғашқысы болған андронов мәдениеті
номада негізін қалады. Олардың мұрагерлері болып скиф-сақ мәдени ошағы
орын басады. Үйсін, Қаңлы, Сармат, Кушан, Ғұн дәуірлері бір әулет
қоластына біріктірген, Ел жүйесіне сәйкес келетін ерте мемлекеттік
бірлестіктер мен империялық басқару жүйесінің алғы шарттарын жаратты.
Ұлы Даланың этникалық процестегі шешуші кезеңі бірінші мыңжылдықтың
орта кезіне тура келеді. Жаңа саяси-әлеуметтік ( империялық) қатынастың
құрылуы - Түрік дәуірін, яғни толыққанды түріктік сана-сезімнің
қалыптасуымен аяқталады. Сапалық жағынан өзгеріс енгізген монғол дәуірі
көшпелі өркениет тарихын қанат серпінінен өткізеді, түрік елін соңғы рет
біріктірген шыңғыздықтар әулеті аса маңызды факторларға жол ашады.
Бірақ, сырттан келген саяси себеп пен іштегі тартыс түрік елінің
бөлшектеніп, дараланған мемлекеттік құрылымдардың пайда болуына
жағдай жасайды. Сөйтіп, осының салдарынан алаш арыстары «қазақ»,
«өзбек», «қырғыз», «түрікмен», «татар», «қарақалпақ» және т.б. атауларды
қабылдайды.
Сөйтіп, халық болып қалыптасу үрдісін қорытып, айтылатын түйін мына
мәндерге ие:
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындары Еуразиялық аймақта мекен құрды.
Антропологиялық сипаты еуропа нәсілдік дала түрі болды. Тарихи
көзқараста әзірше тұрақталған лингвистикалық сипаты үндіеуропалық
үйелменің ежелгі иран тармағына кіреді. Бірақ кейінгі зерттеулер әуел бастан
тіл тармағы түркілік болды деген дәйектер көрініс тапты.
2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық
жұрттың құрылуының басты өзегі болып қала берді. Жергілікті ұрпақтың
антропологиялық негізі өткен кезеңмен генетикалық байланысы үзілмеді.
3. Тарихи даму мен жағрафиялық жағдайына байланысты біздің
заманымыздың І мыңжылдығында Шығыс пен Батыс арасындағы көпірлік
рөлі - қоныс аударулар орталығына айналдырады. Енді оның генофонына
шығыстық сипат қосыла бастайды.
4. Қазіргі қазақтарға тән кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нәсілдің –
тұрақты еуропаоидтық және кейін қосылған монғолоидтық нәсілдердің
далалық түрі қалыптасты.
Кез-келген этникалық үрдістегі жағдай ортақ территория мен ортақ
тілден бастау алады. Ал оның ұйтқысы – шаруашылық тәсілі. Осылардың
нәтижесі мәдениеттің негіздерін қалайды және интеграциялану (шоғырлану)
себептері өзіндік мәдениет дәрежесіне дейін көтеріледі. Жалпы ортақ
мәдениеттен өзіндік этникалық сана-сезім туындайды. Ал этникалық сана-
сезімнің нығаюы сол этностың әлеуметтік-территориялық ұйымын туғызады.
Өз кезеңінде бұл ұйым этностың тұрақты тіршілігі мен біртұтастығын
қамтамасыз етеді. Этникалық үрдіс желісінде этностың атауы қалыптасады.
Этникалық атаулардың тікелей өз аты немесе әртүрлі себептерге байланысты
жинақталған аты болады. Көшпелілердің этникалық тіршілігі мен билік
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қатынастары – ру-тайпа төңірегінде өтеді. Оған қажетті алуан-типті күрделі
құрылымдық қатынастар қызметін бір-бірімен тығыз байланысқан (мәселен,
әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, аймақтық, идеалдық және т.б.) «жүйелер»
(ру, арыс, ұлыс, жүз - оны шағындалған жүйелер деп те айтуға болады, ең
ірісі - ел) атқарады.
«Қазақ» атауының шығу тегі туралы мәселе ғылыми ортаны
мазалағанына біраз уақыт болды. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылымда
дәл, тоқ етер жауап жоқ. Айтқандары талай пікір туғызды, айтыстар көтерді,
әрқилы жарыққа шыққан жорамал-жорулар бірауызды шешімге келетін ой-
түйіні тумай отыр. Алайда, ұлттың арғы тегі мен мән-мағынасын анықтауда
маңызды құралы ретінде тілге көңіл бөлінуі тиіс. Себебі тіл арқылы әрбір
халықтың тарихын түсінуге көмегі тиетін айғақтар баршылық.
Кейбір тарихшылар «қазақ» сөзін қазақ халқының ежелгі этникалық
атауы десе, ендігілері оны мифиялық көріністерімен байланыстырады,
келесілері «қазақ» терминінің құралуы екі сөздің «қас» және «сақ»
ұғымдардың қосылуынан болды дейді, енді біреулері «қазақ» атауының
қалыптасу негізіне «әулеттік» мағына береді, сонымен қатар, осы ұғымға
исламдық мағына беретіндер де бар.
Қытай, араб, ұрым, орыс және т.б. елдердің жылнамаларынан «қазақ»
сөзінің әртүрлі вариантта түсіндірілген сөздің бар болғанын білсек те, ол
этникалық атауды білдірген-білдірмегені ғылымға әлі құпия болып отыр.
Көне түркі тілінде жазылған құлпытастарда осы «қаз» түбірінен туындайтын
сөздер кездеседі, олар мыналар: қазғану, қазғандұқ, қазғантұқын, қазғанмасар
және қазғақ оғлұм. Осы сөздер қажырлы қайрат жұмсау, күресу, талпыну,
еркіндікке ұмтылу, ерлік істеу, табысқа қол жеткізу және мықты, берік,
жойқын, алып мағыналарында кездеседі.
Сөйтіп, «қазақ» ұғымы әртүрлі мәндерге ие болды, олар:
1. Аңыздың пайымдауынша қазақ сөзі ақ-қаздың ұғымынан шықты
дейді.
2. Қазақ сөзі түркі тілдеріне енгеннен бастап ХІІІ ғасырдың аяғына
шейін «еркін жүрген жалғыз басты» ер жігіттің ерлік қасиетіне байланысты
сөз рөлін атқарды. Соның ішінде бұл сүйікті сәбидің есімінің, жау жүрек
қолбасшының, батырлардың, құрметті лауазымының да баламасы болған.
3. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап, бұл сөз хан, әмір, сұлтан жеңіл
қаруланған атты жасағының атауы болады. Одан кейін Алтын Орданың
ыдырауы қарсаңында хан әскерлерінің төменгі, жеңіл қаруланған бөлігінің
атауына айналып, оның орнында құрылған ұлыстық хандықтардың
нығаюына зор тірек болса керек.
4. ХV ғасырда қалыптасу үрдісі аяқталған қазақ мемлекеті мен қазақ
халқының атауына ие болды.
5. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы крепостнойлық езгіден қашқан орыс-украин
кедейлерінің құрған жеңіл атты жасақтарының атауына айналды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Қазақтың шежірелері мен аңыздары «қазақ», «алаш», «жүз» деген
атауларды бір-бірімен байланыстырып шертеді. Осы ұғымдар көшпелі
өркениетке тән қарым-қатынастар түзеу үстінде пайда болды. Бұл арада
айтайын дегенім, қоғамдық ұйымдасуын білдіретін ру, тайпа, жүз, тағы сол
сияқты әр түрлі деңгейлер иерархиялық жүйе құрамындағы саяси құрылым,
оның көрінісі болып билік қатынастары туысқандық, ағайындық жүйелермен
бекітіледі. Сол себепті «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген
ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық, тағы
сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін
білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйтқысы ретінде билік қызметін атқарды.
Сондықтан қазақ, алаш, жүз сөздерінің мән-мағынасы бір-бірімен тығыз
байланыста.
2. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ қоғамы өзара тығыз және
мағыналы байланыста болған әулеттік топтар мен қоғамдық топтардың
иерархиялық ұйымдастырылған әлеуметтік құрылымы түрінде қалыптасқан.
Атап айтқанда, олардың бірі – экономикалық емес, саяси және құқықтық
белгілері бойынша көбірек ажыратылатын – «ақ сүйек» және «қара сүйек» -
екі
негізгі
әлеуметтік
топтарға
бөлінуі.
Ру-тайпалық
иерархия
(стратификация) қоғамдық құрылыстың негізін салушы принципі болып
табылады. Осыған сәйкес әр жеке «қара сүйек» өкілінің қоғамдық жағдайы
оның руы мен тайпасының артықшылық дәрежесімен анықталған. Үш жүздің
– Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздің орын алуы – қазақтар бірлестігін өте
қатаң тәртіптелуіне әкелді. Барлық рәсім мен салтанаттарда үлкендік тәртібі
қатаң сақталған.
Адам тек ру бөлігі ретінде ғана мағынасы болған және тек ру заңды
бірлік болып табылған. Қара сүйек әлеуметтік тобынан тек «билер» - рулар
мен тайпалар басшылары ғана ерекше саяси құқықтарға ие болған. Билер
ықпалы олар басқаратын рулардың күшімен, сонымен қатар, шығу тегінің
көнелігімен және үлкендігімен анықталған. Өздері билік ететін рулар
шегінде билерге сот, әкімшілік және әскери билік тиесілі болған. Билер,
сұлтандармен қатар жалпы мемлекеттік мәселелер шешілетін жыл сайын
өткізілетін «құрылтайларға» қатысқан. Ең беделді ру басшылары хан
жанындағы «билер кеңесіне» кірген. Билер, Шыңғысшыларға қарама-қарсы
қара сүйектер әлеуметтік тобының элитасын құраған. Кей жағдайда хан
билігі дала аристократиясының өкілдеріне (билерге), жеке әрі ең беделдісіне,
сондай-ақ, барлығына бірге тәуелді болған.
Тарихи-этнографиялық
материал
жетіспеушілігі
Достарыңызбен бөлісу: |