Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

жарты әлемді өзіне қаратпақ болды. Көздеген жоспарын жүзеге асыру үшін 
әрқилы тәсілдерді, соның ішінде елшілік құралдарын да барынша қолданды.
1219-1224 жылдардағы монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қиыр 
Шығыс, Алдыңғы Азия және Шығыс Еуропаның көптеген халықтары 
мемлекеттерін біріктірген империя құрылды. Осылайша қазіргі Қазақстан 
мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. 
ХІІІ-ХV ғасырларда Ұлы Даланың тарихи шеңберінде бірнеше мемлекет 
пайда болады. Олар алғашында Шыңғысханның орталықтандырылған 
билігіне бағынады, кейіннен ол өлген соң тәуелсіз мемлекеттерге айналады, 
олар Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан және т.б. Осы ұлан-байтақ 
жерлерді Шыңғысхан төрт ұлына үлестірген болатын.
ХІІІ ғасырдың 60-шы
жылдарының аяғына қарай Монғол империясы төрт ұлыс-мемлекетке 
ыдырады, олардың әрқайсысын хандар – Шыңғысханның ұрпақтары
биледі. Олар: 
1. Алтын Орда, шығыста – Ертістен бастап батыста – Дунайға дейін 
және барлық орыс князьдіктері. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы - 
Жошының (1227 ж. өлген) ұрпақтары биледі, оның әулеті Ұлы Далада және
шектес аймақтарда жоғарғы билікті өте ұзақ уақыт бойы – ХІХ ғасырдың
ортасына дейін сақтады. 
2. Шағатай мемлекеті - Мавераннахр, Жетісу және Қашқариядан
құралды, оның әулеті ХVІІ ғасырға дейін тіршілік етті. 
3. Хулагуидтар мемлекеті - Иранда Шыңғысханның төртінші ұлы 
Тулуйдың ұлы Хулагу ханмен (1265 ж. өлген) құрылған. Хулагу әулеті 
сондай-ақ «Елхан» титулын иеленді, сондықтан Иранның монғолдық 
билеушілерін Елхандар деп жиі атайды. Елхандар мемлекеті ХІV ғасырдың 
ортасында ыдырады.
4. Орталығы Ханбалықта (Пекин) болған Монғолия мен Қытайдың 
өзіндегі мемлекетті Тулуйдың (1233 ж. өлген) ұрпақтарының басқа тармағы 
– Құбылай (1294 ж. өлген) биледі. Бұл мемлекет Юань империясы деген 
қытайдың ресми атын алды. Тулуйдың ұрпақтары Монғолияның өзінде ХVІІ 
ғ. дейін билігін сақтады, ал Қытайда олардың орнына Мин әулеті келгенде, 
олар 1368 ж. дейін ғана биледі. 
2. Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орданың маңызы бізге 
ерекше. Тарихи деректерде оның әртүрлі атаулары бар: Жошы Ұлысы,
Дешті-Қыпшақ, Берке елі, Солтүстік Патшалық. Орыс деректерінде ол 
Алтын Орда атауымен белгілі. Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша: «Барлық
жарлықтарда Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталады және түркі тарихшылары 
мен халық аңыздарында... ешқашан Орда деп аталмаған». Алтын Орданың 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
құрамына Шығыс Дешті-Қыпшақ (Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділдің 
сағаларына дейін Қазақстанның далалық аймағы), Батыс Сібір, Хорезм
және Солтүстік Кавказ, еділдік Бұлғар, Қырым жерлері кіреді. Орыс 
княздіктері Алтын Орданың тәуелді еліне айналды, олар хандардан «княздік 
құруға жарлық» алып, алым-салық төлеп отырды.
Алтын Орданың іргесін қаламай тұрып Батый - ағасы Орда Еженге 
Қазақстанның басым бөлігін, бұрынғы Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі 
Оңтүстік, Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан) жерін бөліп береді. 
Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі 
Шайбанға берді. Ол Көк Орда деп аталды. Ақ Орда ханы Орда Ежен 
жасының үлкендігіне қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға береді. Өтеміс 
қажы осы оқиғаға байланысты былай деп айтып еді: «Менің сенен жасымның 
үлкендігі рас. Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйіп, еркелетіп 
өсірді. Мен де сені еркелеттім, саған бағындым. Егер де мен хан болсам, 
саған бағына алмаймын. Біздің арамызда реніш туады. Сондықтан, сен хан 
бол. Мен сенің хандығыңды көтере аламын»,-депті. 
Алтын Орда көпұлтты және әрдеңгейлі шаруашылығы бар мемлекеттік 
құрылым еді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан шыңғыздықтардың 
меншігі болып саналды. Мемлекеттік мәселелерді шешуде құрылтай 
шақырылып отырды. Елшілік жүйесін беклербек басқарды. Атқарушы үкімет 
- диуан басында уәзір тұрды. Даруғалар мен басқақтар алым-салық жинау 
міндетін атқарды. Ноян, баһадүрлар әскербасы–түмендер, мыңбасы, жүзбасы 
болып тағайындалды. Басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылды. 
Шыңғыздықтардың барлығы да ұлыс алуға хұқы болды. Шыңғыздықтардың 
басқа өкілдері ханға қызмет атқарғаны үшін ұлыс алатын. Бірте-бірте 
иммунитетті хұққа – тархандық пайда болды. Жер-суды мұралық тарту 
ретінде иелік сипаты сойұрғал қалыптасты.
Алтын Орда дәуірінде Ұлы дала экономикасы жаңа сипатта гүлдене 
бастады. Сауда және халықаралық қатынастарының орталығына айналды. 
Қытай деректерінде былай деп жазылған: «Шынғыс хан Шығыс пен Батысты 
байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен 
бастиондарды жермен-жексен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және 
мәдени қатынастар жақсарып, Шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі 
басталды». Ислам дінінің таралуымен қалаларда мешіттердің, кесенелердің 
өсуі көрінеді. Қазақстандағы исламды таратуда, қолдауда Яссауи сопылық 
ордені әсіресе белсенді болды. Бұл мектептің діни-мистикалық идеялары 
«Диуани-Хикмет» кітабында көрсетілген. Кейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 
қазақтың ұлттық пантеонына айналды. 
1359 жылы Бердібек хан өлгеннен кейін Алтын Орданы билейтін Жошы 
әулетінің Батый тармағынан өрбіген өкіл қалмады. Алтын Ордада қат-қабат 
қайшылықтар мен тартыстар басталды. Күрес барысында Ақ Орданың 
сұлтандары Орда Еженнің әулеттері қатысты. Саяси дағдарыс нәтижесінде 
тәуелсіз иеліктер құрыла бастады. Алтын Орданы қайтадан біріктіру 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
ниетімен бастаған Орыс ханның (1361-1380) мақсатын Тоқтамыс іске 
асырды, бірақ өзінің бұрын болған қолқанаты (протеже) Әмір Темірмен 
абайсыздағы соғыс 1395 жылғы жеңіліспен аяқталады. ХV ғасырдың басында 
Алтын Орданы біріктіруші ниеттегілер болса да, Тоқтамыс секілді осы 
аймақта билігін мойындайтын билеуші әулет табылмады. ХV ғасырдың 20-30 
жылдары Алтын Орда мемлекеті ыдырап, соның негізінде бірнеше жаңа 
түрік мемлекеттері құрыла бастады, олар: Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір, 
Қазақ және т.б. саяси бірлестіктер – Еділ мен Дон арасында құрылған Үлкен 
Орда және орталығы Жайықтың төменгі ағысындағы Ноғай Ордасы. 
Жоғарыда келтірілген саяси бірлестіктердің тарихи тағдыры кейін 
Ресеймен тығыз байланысты болады. ХV ғасырдың екінші жартысында Ресей 
- түрік-монғол әсерінен шығып, ХVІ ғасырда орталығы Мәскеу болған 
қуатты мемлекетке айналады. Алтынордалық саяси мұрагерлермен болған 
Ресейдің өзара байланысы, ақыр аяғында олардың барлығы Ресей 
мемлекетінің құрамына ілігеді. 1552 жылы Мәскеуге Қазан хандығы, 1556 
жылы Астрахан хандығы, 1598 жылы Сібір хандығы енеді. ХVІІ ғасырдың 
басында Ноғай Ордасы күйрейді. Қырым хандығы 1783 жылы Ресейге 
қосылса да, Қазақ хандығына байланысты кіріптарлық ХVІІІ ғасырдың 30 
жылдарынан басталып - ХІХ ғасырдың 60 жылдары аяқталады. Сөйтіп, ХVІ 
ғасырдың екінші жартысынан көрініс тапқан көпұлтты ресейлік дәуір 
басталады, Еуразиялық кеңістік интеграциясында болған түрік-монғол (VI-
XV ғғ.) орнына орыс-түрік (XVI-XX ғғ.) кезеңі келеді. 
3. Кейбір араб және парсы тілдес жылнамаларында «Ақ Орда» сөзі ХІІІ 
ғасырдың орта кезінде кездеседі. Ақ Орда – монғол шапқыншылығынан 
кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы алғашқы мемлекет. Билеуші әулет Жошы 
ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Олар мынадай тәртіппен билік 
жүргізген: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Саты Бұқа, Ерзен, 
Мүбәрәк, Сымтай, Орыс хан, Құйрышық және Барақ. Мүбәрәк ханнан (1320-
1344) бастап Ақ Орда Алтын Ордадан толықтай тәуелсіздігін алып, Шығыс 
Дешті Қыпшақтағы қуатты саяси күшке айналады. Оның территориясы 
әуелгі кезде Ертіс өңірі мен солтүстік Жетісудан Ұлытау мен Кентауға дейін 
созылып жатқан болатын. ХІV ғасырда Шағатай мен Моғолстан құрамында 
болған Жетісудан басқа Қазақстанның күллі жері, яғни Сырдарияның төменгі 
ағысы мен Арал өңірі бойында орналасқан Жошы ұлы Шайбанның ұлысы да 
Ақ Орданың Орда Ежен әулеттерінің билігінде болды. Астанасы Алакөлден 
Сығнақ қаласына көшірілді. Барақ хан (1423-1428) өлген соң Ақ Ордадағы 
билік Жошы ұлы Шайбан ұрпақтарына көшеді. Шайбандықтар әулетінің 
бірінші ханы Әбілхайыр (1428-1468) мемлекетіне қазіргі Қазақстанның 
Сырдарияның төменгі және ортанғы ағысының оң жағалауын қоса 
есептегенде Ертістен Еділге дейінгі аймақ енді. Мемлекетін кеңейту 
мақсатымен жасаған жорықтардың нәтижесінде Түмен қаласын, Хорезмді, 
Астраханды, Қаратау алабы мен Сырдария бойындағы Созақ, Сығнақ, 
Аққорған, Үзкент қалаларын қосып алады. Араб және парсы деректерінде 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Әбілхайыр хандығының тұрғындарын «өзбектер» деп, ал мемлекетін 
«Көшпелі өзбектер мемлекеті» деп атады. Іштен туған саяси ыдырау - Барақ 
ханның кіші ұлы Жәнібек пен Орыс ханның шөбересі Керей сұлтандардың 
басшылығымен тайпалардың бір бөлігі Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу 
өзенінің төменгі ағысы мен Қозыбасы маңына көшіп кетеді. Осы кезден 
бастап Қазақстанның кейінгі тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғаны 
мамандар, көшпелі өзбектер мемлекетіндегі билікке қол жеткізу жолындағы 
«өзінше стратегиялық шегініс» деп санайды. Қазақ хандығы құрылғаннан 
кейін Әбілхайырдан тараған Шайбан әулетінің қазіргі Қазақстан 
аумағындағы билігі күйреп, Мәуреннахрдағы әлсіреген Темір мемлекетін 
жаулап алады. Ақыр аяғында, Шайбандар сол жерде өз билігін орнатады.
Сөйтіп, Қазақстан үрдісіндегі бұдан кейінгі және күні бүгінге дейінгі 
оқиғалар әлемдік өркениеті тарихында геосаяси мәнге ие, әрі онымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет