Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары



Pdf көрінісі
бет132/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162
kabysheva-topyraktanu

12.16. Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары
Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа 
райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан 
түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 
200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың 
өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-
жусанды құрғақ дала басады. Осының əсерінен өсімдіктердің 
топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері 
кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі 
107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі 
көлемі Қазақстан территориясында.


336
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 4% арасында. Қара 
қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден əк 
кездеседі.
ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген əк қосылыстары бар.
С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары 
кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған са-
йын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде 
күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр 
топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі. 
Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зона-
ша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай 
шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пай-
далануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым 
алып жатыр. Зонада сортаң жəне сорланған топырақтар мол. Деген-
мен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының 
кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20-
30%-ға жуығы құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет