329
Күлгін топырақтар айқын құмды жəне құмайтты жыныстарда
дамиды. Топырақ кескіні қалыптасуында минералдық түйірлердің
жылжуы байқалмайды, өте майда түйірлер тым аз. Күлгіндік жиек-
те темір тотығының азайғаны көрінеді де, В жиекте оның мөлшері
артқан.
Шымды күлгінді топырақ – Шығыс Еуропалық тегістігіндегі
оңтүстік тайгада аралас ормандар мен шабындық шөптесіну өсетін
жерде жаралатын топырақ. Күлгін қабатын шым басып, топырақтың
құнарлығы арта бастайды. Шымды қабаттың қалыңдығы өскен са-
йын күлгін қабат бірте-бірте жұқаланады да, күлгінденуі басылады.
Соған сəйкес жұқа орташа жəне
қалың шымды, қалыңдығы орта-
ша жəне өте күлгінді топырақтар құралады. Құнарлығы жоғарысы-
қалың шымды аз күлгінді. Топырақ шым қабаты гумуске, қорек зат-
тарына бай, бейтарап орталы жұту сыйымы жоғары, берік, уақ дəн
түйіртпекті келеді. Одан төмен элювийлі күлгін қабатша керісінше,
қышқыл орталы, құнарсыз болады.
Топырақ құралу жағдайлары тайга аймағында, Енисейден
шығысқа қарай, күрт өзгереді, климаты ызғарланады.
Бұл өлкеде
тұтас мəңгі тоң тараған өсімдік жамылғысы да ерекше, топырақ
құрайтын жыныстар тас сынықтары мен үгіндісінен тұрады, қабаты
жұқа болады. Сондықтан Орталық пен Шығыс Сібірде күлгін
процесі айқын басылып, ерекше тайгалық
қоңыр тоңды темірлі
топырақтар қалыптасқаны дəлелденген. Бірақ оларға жалпы əлпет
тəн болғандықтан, бір қышқыл қоңыр тайгалық топырақ типіне
жатқызады.
Тайгалы-ормандық топырақтарды игеру өте қиын іс,
себебі
мұнда өсімдік жамылғысы – тұтасқан орман, басым батпақтану мен
тоңдану құбылыстары, топырақтың құнарлылығы төмен.
Тайгалы аймақтың Шығыс Еуропа – Батыс Сібір облы сының
оңтүстік жартысында егіншілік алабы 2-ақ %, ал солтүстік жар-
тысында тіпті, аз (0,1%). Топырақ құнарлығын көтеру жолдары:
органика-минералдық тыңайтқыштарды үстеп беру, қышқыл
ортаны əк беріп бейтараптау, ауыспалы егіс пен озат агротехно-
логияны енгізу, микроэлементтер қолдану топырақтың ылғал-
жылу тəртібін жақсарту, эрозияға тосқауыл қою, т.б. Картоп өнімі
əжептəуір (130%) əсіресе, мол берілген NPK+ торф пен көң ком-
постынан көтерілген.