Терістік суық шөлді зонаның топырақтары. ТМД елдерінің
оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сондықтан да мұнда
биологиялық тіршілігі шамалы дамыған шөлді зона кездеседі.
Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 9-10%-ға
жуығын алып жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның ба-
сым көпшілігі Қазақстан мен Орта Азия республикаларында, ша-
малы бөлігі Каспий жағалауының терістік батысындағы Астрахань
облысының территорияларында.
Бұл зонаға күн сəулесі мол түседі, вегетациялық уақыт, ұзақ қорек-
тік минералдық заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі – тек ылғал мен орга-
никалық заттар. Ауадан түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 80-120 мм,
ал жерден булану мүмкіндігі бұдан 10-15 есе артық. Бұл өсімдіктердің
қалыпты өсуіне жеткіліксіз: Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек
өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ.
Топырағында қара шірінді өте аз (0,5-1,5%) болғандықтан, оның
түсі ақшыл, бозғылт болып келеді. Зонаның терістік бөлігінде
негізінен жусанды шөптер өсіп, онда құба (бурые) топырақ, ал
зонаның оңтүстік бөлігінде жусанды-соршөптер басым, мұнда сұр
құба (серобурые) топырақ түзілген.
Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп болғандықтан,
22–1427
338
топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға тез еритін басқа да
тұздар мол.
Шөлдің көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақтарда өсуге
жайылымдық сор шөптер бейімделген. Мұнда түйе, қой шаруашылығы,
əсіресе, қаракөл тұқымын өсіру жақсы жолға қойылған. Бұл зонада
тақыр мен құм басып жатқан жерлер де жеткілікті. Бұл зонаның жерін
пайдалану жөнінде төменде толығырақ айтылады.
12.19. Тау етегіндегі шөл даланың,
құрғақ субтропиктердің топырақтары
Оңтүстік тау етектеріндегі шөлді даланың сұр топырақтары
Бұл топырақтар ТМД елдерінде негізінен Орта Азия республи-
калары мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау етектері мен
тау баурайларында орын алған. Бұл топырақтардың аздаған көлемі
Əзербайжан республикасындағы таулар аралығы мен етектеріндегі
Кура-Аракс ойпатында кездеседі. Субтропикалық белдеуге
жатқызылу себебі бұл топырақтар зонасында жаз ыссы əрі ұзақ бо-
лумен қатар, қысы да суық емес. Тіпті, Орта Азия мен Əзербайжанда
қыстың өзі жылы. Зонаның көлемі 32 млн гектар, яғни ТМД елдерінің
1,5%-ы. Бұл зонаның терістікке қарай орналасқан шөл зонасының
ерекшелігі ерте көктемде ылғалдың мол түсуі. Сондықтан ылғалдың
басым мөлшері ауаға буланбай жерге жақсы сіңеді.
Топырақ көбіне таулы алқаптарда орын алатындықтан,
табиғаттың, оның ішінде топырақтың биіктік белдеулігі (зонасының)
ең төменгі сатысы болып табылады. Сұр топырақтардың құрамын
алғаш зерттеп, оған осы терминді қолданған орыстың дарынды
топырақ зерттеушісі С. С. Неуструев (1910). Ол 1908–1914 жыл-
дары патшалық Ресейдің халықты жаңа жерлерге қоныстандыру
басқармасында қызмет істеп жүрген кездерінде Шымкент қаласының
төңірегінде осы топырақ типін анықтаған.
Орта Азияның сұр топырақтарын жан-жақты терең зерттеген
профессор А. Н. Розанов (1951).
Табиғи жағдайда ерте көктемгі ылғалды жақсы пайдалануға
бейім, тез пісіп жетілетін өсімдіктер (эфемерлер) қалың бітік өседі.
Топырақтағы гумус: мөлшері 1,5-3,0% шейін болады. Əдетте, сұр
топырақтар типі, үш зонашаға бөлінеді: күңгірт, кəдімгі жəне ашық
339
сұр топырақтар. Неғұрлым тауға жақынырақ болған сайын онда жа-
уын-шашын да молырақ түсіп, өсімдіктер қалыңырақ өседі, бұл зо-
нашада күңгірт сұр топырақтар түзілуін қамтамасыз етеді. Таудан
алыстаған сайын жауын-шашын мөлшері кеміп, оның шөл зона-
сына өту шекарасындағы зонашада ашық сұр топырақтар түзіледі.
Ескеретін жай, барлық тау етектерінде осы айтылған топырақ зо-
нашалары түгел кездесіп, бірін-бірі ауыстыра бермейді. Кейбір зо-
нашалар аймақтың табиғи жағдайларына, ең бастысы таулардың
көлемі мен биіктеріне, т.б. байланысты түсіп қалады.
Сұр топырақтар жербеті жəне жерасты ағындарымен жақсы
қамтамасыз етілгендіктен, олардың құрамында зиянды тез ерігіш
тұздар болмайды.
Əдетте, сұр топырақтар пішіні төмендегідей:
А 0-15-20 см шымды-қара шірінді қабат. Көктемгі жауын
əжептəуір мол болғандықтан, эфемер шөптер қалың өсіп, топырақ
бетінде 0-5-7 см шымды қабат түзеді. Қабат биігірек жатса, күңгірт
сұр, ал таудың ең алысырақ шетінде орналасса, ашық сұр түсті келеді.
Механикалық құрамы шаңды-сазды. Құрылымы бос. Шөптері жақсы
тамырланған.
В 20-60 см иллювиалды-карбонатты, түсі ашық сұр, көбіне,
карбонатты қосылыстар кездеседі, құрылымы бос. Механикалық
құрамы шаңды-сазды. Өсімдіктері шамалы тамырланған.
ВС 60-80 см сары түсті, шаңды-сазды. Құрылымы бос, карбонат-
тармен қатар гипс те кездеседі.
Ауыспалы-ылғалды құрғак-шөпті-орманды жəне субтропикалық
саванналы облыстардың топырақтары.
Бұл алқаптардың зоналық топырақтары қоңыр жəне сұр-қоңыр
түсті. ТМД елдеріндс бұл топырақтар негізінен таулы аудандардың
құрғақ шөпті-орманды жəне сирек орманды жерлерінде кездеседі.
Бұл зонаға негізінен Жерорта теңізі аймағына тəн климат, яғни
ылғалды, жылы қыс, құрғақ, жазы ыстық, ал қар жамылғысы өте
аз немесе тіпті, жоқ. Сонымен қысы мен жазының гидротермика-
лык режимдері əрқалай. Қысы ылғалды əрі жылы мерзімде алғашқы
минералдар белсеңді түрде үгіліп, балшықты гидрослюдалы
монтмориллонитті-илитті құрамды екінші минералдар түзіледі.
Жалпы қоңыр (қызыл қоңыр) топырақтардың морфологиялық
пішіні төмендегідей:
А – 0-35 (50) см қара шірінді қабаты, түсі қоңыр, кесекті-капролитті
340
құрылым. төмендеген сайын кесекті-жаңғақты құрылымға ауысады,
механикалық құрамы төмендеген сайын ауырлана бастайды.
В
1
– 40-80 см қатты балшықтанған, кальцийде қаныққан, түсі ашық
қоныр немесе тіпті, қызыл қоныр, құрылымы кесекті-жаңғақты.
Балшықтанған, карбонаттар шоғырланған қабатта түсі ашық,
қоңыр-құба, тығыз, құрылымы жаңғақты, карбонатты жаңа
түзілістердің қосындылары бар.
С – 100-120 см сары түсті, механикалық құрамы жеңілденеді,
карбонаты да азаяды. Балшықтану процесі сұр қоңыр топырақтарда
ылғалдың азаюына байланысты тежеледі.
Жалпы қоңыр жəне сұр қоңыр топырақтар – табиғи күйінде
құнарлы топырақтар. Олар тез пісетін. Азықтық, əсіресе,
жемісті дақылдар үшін егіншіліке кең пайдаланылады. Ал жаз-
да құрғақшылықта қосымша суарған жағдайда бұл топырақта
егілетін дақылдар өнімі арта түседі. Онда мақта, жүзімдіктер, бау-
бақша, темекі, көкөністер, т.б. дақылдар өсіп, жақсы өнімдер береді.
Тіпті, Өзбекстанның Бостандық ауданының қоңыр топырақты тау
беткейлерінде жабайы жемісті ағаштар, оның ішінде қымбатты
жаңғақ ағаштары өсіп, жемістер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |