343
тамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың
белдеулік зоналары түгел кездеседі.
Бұл жайындағы алғашқы
толық мəлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан «Балқаш
өңірінің шөл даласынан Хан Тəңірінің қарлы биіктігіне шейін деген
классикалық еңбегінде келтірілген (А. Р. Аболин 1930). Сондықтан
топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар
мен экскурсиялар Алматы аймағында өтетін.
Таулы алқаптарда ені əр жерде əртүрлі батыстан шығысқа қарай
созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған.
Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде
жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл бел-
деу – таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан
бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық
территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда əлдеқайда мол.
Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал
көбінесе, жылдың көктемгі жəне қысқы айларында түседі де, жаз, күз
айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс
пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары – күздік жəне
жаздық
бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы
дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау
ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың
топырағы негізінен таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған
сəйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне байланысты, топырақ түсі де
өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың
ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кəдімгі сұрғылт түсті
топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті жəне ашық
қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі. Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде күңгірт-сұрғылт
топырақтар мен ашық қара-қоңыр топырақтар орнына қоңыр жəне
сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында
ғана, яғни күңгірт-сұрғылт түсті жəне ашық қара-қоңыр топырақтар
таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт жəне
ашық-сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайын-
ша жақсы өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы,
Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі
астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан
344
облысының мақтасы мен дəрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын
алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай,
яғни республика жер көлемінің 5,2%-ғы жуығы.
Тау етегі шөлді далалы белдеуінен
биігірек алқапта аласа тау-
лы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат
жағдайларына тигізетін əсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-
800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық
жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен
шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы,
негізінен таудың қара
қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың
қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе
астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы,
жыралы болып келетіндіктен,
жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан
көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл
алқапта суарылатын жəне суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп
өседі. Алматының əйгілі «Апорт алмасы да осы аймақта өсіп, жақсы
өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.
Орташа-таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы-дала-
лы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал
мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді.
Шалғынды шөптер
аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен
күңгірт- қара түсті орман топырағы. Таудың қара топырағындағы
қарашірінді мөлшері 10-12%-ғе жетеді. Жер бетінің бедеріне,
аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен
жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары,
негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гектардай.
Достарыңызбен бөлісу: