379
алып жатыр.
Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды.
Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мəңгі мұз, қар басқан
шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы
жайлау
ретінде пайдаланылады.
13.6. Биік таулы шалғынды белдеудің ерекшеліктері
Биік таулы өлкелерге – Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-
шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы
жəне Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы па-
леозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген.
Жаңа тектоникалық козғалыстар нəтижесінде қайта жаңғырған.
Биік таулы өлкенің аласа таулардан
айырмасы жер бедерінің биік
əрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді. Сібірдің оңтүстігіндегі
ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан
жеріне
Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны
Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай жəне Қалба жотасы деп
үшке бөлуге болады.
Алтай,
Алтай тау жүйесі – Азия құрылғының орта тұсындағы
таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созы-
лып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған.
Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара
Ертіс өзені мен Зайсан көлі,
ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.
Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс
Саян мен жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: