Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ауыр металдарға қатынасты топырақ



Pdf көрінісі
бет65/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
kabysheva-topyraktanu

Ауыр металдарға қатынасты топырақ 
буферлігінің жіктелуі (В. Б. Ильин)
Буферлік дəрежесі
Балл саны
өте төмен
төмен
орташа
көтеріңкі
жоғары
өте жоғары
10
11-20
21-30
31-40
41-50
> 50
Топырақтың 
органикалық 
заты. 
Топырақ 
қабатындағы 
органикалық зат мөлшері ауыр металдардың жылжымалығына 
айтарлықтай əсер етеді. Органикалық қалдықтары ауыр металдар-
ды бойына сіңіріп, жылжымалығын төмендетеді жəне қоршаған 
ортаның ластануын тежейді.
Е. Шлихтинг (1995) деректері бойынша, 1 кг қарашірінді 
қышқылдарының құрамында 65000-85000 мг мыс бекітілуі мүмкін.
М. Д. Степановтың (1976) деректері бойынша, қарашірінді 
заттармен байлануы қабілеттілігі бойынша ауыр металдарды 
келесі тізбектемемен жіктеуге болады: Zn> Cu> Mn >Mo. Гу-
мин қышқылдарымен салыстырғанда фульвоқышқылдарының 
құрамында сіңірілген ауыр металдардың мөлшері жоғары болып 
келеді. Қара топырақтан бөлініп алынған 1 кг фульвоқышқылының 
құрамында 18 мг – молибден (Мо), 175 мг – мыс (Сu), 233 мг – мы-
рыш (Zn), 1047 мг – марганец (Mn) табылған.


163
9-кесте
Ауыр металдарға қатынасты топырақ буферлігінің 
шкаласы (В. Б. Ильин, 1995) 
Көрсеткіш
Мөлшер шектері
Есептелетін балл саны
1
2
3
Қарашірінді, %
< 1
1,1-2
2,1-4
4,1-6
6,1-8
8,1-10
< 10
1
2
3,5
5
6,5
8
9
Физикалық балшық,%
< 10
11-20
21-45
46-60
< 60
2,5
5
10
15
20
Біржарымды тотықтар, 
%
< 1
1,1-2
2,1-3
3,1-4
4,1-5
1
2,5
4
5,5
7
Карбонаттар, %
< 0,5
0,6-1,5
1,6-2,5
2,6-3,5
3,5-4,5
< 4,5
1,5
3,5
6,5
9,5
12,5
15,5
Ортаның рН 
көрсеткіші
5,1-5,5
5,6-6,0
6,1-8,5
6,6-7,0
7,1-7,5
7,6-8,0
2,5
5
7,5
10
12,5
15
Қарашірінді қышқылдары ауыр металдарды бойына жоғары 
мөлшерде сіңіріп, топырақ қабатында жинақтайтын қойма рөлін 
атқарады.
Топырақтың катион ауыстыру қабілеттілігі. Катион ауыстыру 
қабілеттілігі топырақ қабатында лай, саз бөлшектерінің мөлшерімен 
тығыз байланысты. Бұған органикалық зат мөлшерінің аздығы неме-


164
се көптігі əсер етеді. Лай, саз жəне органикалық бөлшектердің саны 
көбейген сайын топырақ қабатындағы үстілік сіңіру алаңы артады, 
топырақтың ұстап тұру қабілеті жоғарылайды жəне өсімдіктермен 
тірі ағзаларға ауыр металдардың сіңуі төмендейді. Топырақтың ка-
тион ауыстыру қабілеттілігін сипаттайтын топырақ сіңіру кешені 
болып табылады.
Ауыр металдарды сіңіріп, байлап тастайтын заттарға: силикаттар, 
алюмсиликаттар, тотықтар, гидрототықтар, минералды тұздар, саз 
минералдары (каолинит, смектит, иллит, хлорит, вермикулит), карбо-
наттар, сульфид, сульфат, хлоридтер, т.б. химикалық қосылыстарды 
жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет