169
ний. Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп,
органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл
атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі
–
кварц минералы SiO
2
. Кремний жəне кремний қышқылдарының
тұздары силикаттар мен алюмосиликаттар құрамына кіреді.
Өсімдіктердің құрамында да кремний бар,мысалы, ол дəнді
дақылдарда 10%-дан 60%-ға дейін жетеді.
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында
кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al
2
O
3
-тің
топырақтағы жалпы мөлшері 1 – 2%-дан 15 – 20%-ға дейін, ал
ферралитті топырақтарда 40 %-ға дейін жетеді.
Темір əртүрлі оксидті, гидрооксидті жəне шала күкіртті қо-
сындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан
өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге
темір
жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороз деген
ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əртүрлі.
Мысалы, құмдақ топырақтарда 0,5 – 1,0%, лесс жыныстарында
түзілген топырақтарында 3,5, ал ферралитті топырақтарда 20 – 50%.
Достарыңызбен бөлісу: