175
арақатынасын тыңайтқыш жəне мелиоранттар қолдану арқылы рет-
теуге болады. Мысалы, сілтілік реакция тудыратын сіңірілген на-
трий катиондарын сортаң топырақ құрамынан ығыстыру үшін гипс
қолдану керек. Мұнда натрийді алмастырған кальций катиондары
өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады.
Топырақтың структуралық құрамы. Əдетте,
топырақтар пішіні
түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады. Бұлар топырақ
структурасы болып табылады. Топырақ структурасы шаң неме-
се тозаң түрінде болатын өте ұсақ бөлшектерден бастап, мөлшері
жаңғақтай, тіпті, одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады.
Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп орын алып, неғұр-
лым олар берік жəне кеуекті болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді.
Борпылдақ топыраққа өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын
қарашірікке айналдыратын бактерияларға қажетті су мен ауа
оңай сіңеді. Топырақ структурасын
құрауда жауын құрттарының
атқаратын жұмысы орасан зор. Бұл құрттар өздерінің қоректену
процесінде топырақтағы өздеріне керекті заттарды пайдаланумен
бірге өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың
ұсақ түйіршіктерін біріктіріп, капролитті структуралар түзеді. Міне,
осындай структуралы топырақтарда мəдени
өсімдіктерге қажетті
барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп өседі.
Достарыңызбен бөлісу: