196
құрамын анықтау көрсеткіштерінің жалпы жүйесіне кіріп, топырақ
құрамының, топырақ компонентерінің көрсеткіштері деген топтарға
біріктірілген.
Топырақтың химиялық құрамы мен топырақ компоненттерінің
жүйеленген
жиынтығы 13-кестеде келтірілген. Онда топырақтың
химиялық құрамының көрсеткіштері 3 топқа бөлінген:
1) элементтік құрамының көрсеткіштері;
2) заттың құрамының көрсеткіштері;
3) топырақтағы химиялық элементтердің топтық жəне
фракциялық құрамының көрсеткіштері.
Элементтік құрамының көрсеткіштері
топырақ массасындағы
химиялық элементтердің жалпы көлемін немесе одан бөлінген
гранулометриялық фракциялардың жаңа туындыларды сипаттайды.
Заттық құрамының көрсеткіштерінің деңгейі топырақтағы жекелен-
ген химиялық қосылыстардың
мөлшері туралы ақпарат береді, ал
топтық жəне фракциялық құрамының көрсеткіштерінің деңгейлері
олардың қасиеті бойынша жақындығын, мысалы,
ерігіштігі,
химиялық элементтің қосылыстары, т.б. бойынша сипаттайды.
Көрсеткіштердің жүйелену принциптері бөлінген 3 топтың əр-
қайсысында бірдей емес, себебі жүйеден көрсеткіштің жеке бөлі ніп
шығуы топырақ үлгісінің құрамындағы химиялық элементтерінің
мөлшерін сипаттауға мүмкіндік береді.
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: