Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет90/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
kabysheva-topyraktanu

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Топырақтағы органикалық заттар дегеніміз не?
2. Топырақ қара шіріндісі дегеніміз не?
3.Топырақты ластайтын компонеттерге не жатады?
4. Топырақтың ластануының түрлерін атаңыз
5. Топырақ эрозиясы дегеніміз не? 
6. Топырақтың химиялық жəне радиациялық ластануы.
7. Топырақтың суы дегеніміз не?
8.Топырақтың жел эрозиясы дегеніміз не?
9. Топырақтың қатты құрамының көрсеткіштері қандай?
10. Топырақтың минералдық бөлімінің заттық құрамының 
көрсеткіштері қандай?
11. Қара шіріндінің топтық жəне фракциялық құрамының 
көрсеткіштері қандай?
12. Топырақ қара шіріндісі дегеніміз не?
13. Топырақтағы шірінді заттардың өндірістік мəні қандай?
14. Топырақтағы қара шірінді мөлшерінің азаюының экологиялық 
маңызы.
14–1427


210
7-ТАРАУ
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ
Топырақтың басқа табиғи денелерден ерекшелігі – оның 
құнарлылығы. Құнарлылық деген – топырақтың өсімдіктерді өніп-
өсуіне қажетті қоректі элементтермен жəне сумен қамтамасыз 
ету қасиеті. Жер бетінде адамның, өсімдік пен жануарлардың 
өмір сүруі топырақтың осы қасиетімен тікелей байланысты. Көне 
дəуірлердің өзінде топырақтың құнарлылығын отпен, күнмен, су-
мен теңеп, оған табынған болатын. Көне Мысырда құнарлылықтың 
патшасы болып Изида, ал Римде – Прозерпина саналған. Біздін 
дəуірге дейінгі IV ғасырда Қытайда топырақтарды «ақ», «көк», 
«сары» деп, олардың құнарлылығын «аз», «көп», «орта» деп 
бөлді. Грек философтары Аристотель, Феофраст, Лукреций, Вер-
гилий, Колумелла, Плиний, т.б. топырақ құнарлылығы туралы өз 
трактаттарында жазған. Сол кезден топырақ құнарлылығының 
көздері туралы ойланып, топырақ неге тозады, қалай оны дұрыс 
пайдалануға болады деген ойлар туа бастады. Феодализм мен ка-
питализм кезеңінде əртүрлі топырақтар құнарлылығына қарай 
бағаланып, сол бойынша салық салу жолдары іздестірілді. XVIІ-
ХІХ ғасырларда топырақ құнарлылығына социолог жəне эконо-
мист ғалымдар да назар аудара бастады.
Топырақ туралы мəліметтер жиналып, табиғат зерттеу ғылымдары 
дамығандықтан, топырақ құнарлылығына да көзқарастар өзгере 
бастады. Ерте кезеңдерде топырақ құнарлылығының кему себебі 
оның ішіндегі «майлар», «тұздар», тағы басқалардың азаюына бай-
ланысты деп есептелді, кейінірек құнарлылықтың себептері «су», 
«қарашірінді», «минералды элементтер» деп саналды. Содан кейін 
ғана құнарлылықты топырақтың барлық қасиеттерімен байланысты-
ра бастады. Осы көзқарастармен бірге, топырақ құнарлылығы деген 
түсініктер де өзгерді. Қара шірінді теориясы дамыған кезде А. Тэер 
(1830) топырақтың құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді қара 
шіріндімен қамтамасыз етуі, ал Либих (1840) барлық минералдық 
элементтермен қамтамасыз ету деген пікірді айтты.
Осы заманның ғылыми əдебиеттерінде топырақ құнарлылығы 
жөнінде академик В. Р. Вильямстің (1936 ж.) анықтамасы жазылған. 
Оның айтуынша, топырақ құнарлылығы дегеніміз – топырақтың 


211
өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен жəне қоректену элементтер-
мен қамтамасыз етуі.
Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кең ауқымды түсінік. Мы-
салы, борпылдақ тау жыныстарында да ылғал жəне өсімдіктердің 
қоректік элементтері бар, бірақ жалаңаш тау жыныстарына 
өсімдіктердің тұқымын сепсе, ол өспейді. Тек судың өзіне отырғызсақ 
та солай болады, тұқымдар көгергенмен өсімдік шықпайды.
Өсімдіктерге ылғал мен тамыр арқылы берілетін қоректік эле-
менттерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көк бөлімдеріне 
көміртегі керек.
Топырақ – əрі тірі, əрі өлі дене. Оның құрамында, жоғарыда 
айтылғандай көптеген тірі микроорганизмдер бар. Олар құнарлықты 
қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Күн сəулесі топырақтың 
жылулық режимін анықтайды, бұл да топыраққа құнарлылық 
туғызатын элементтердің бірі, өйткені ол ылғалдың булануына, 
барлық физикалық-химиялық процестерге молекулярлық деңгейде 
əсер етеді. Топырақтағы фотохимиялық реакциялардың пайда болуы 
олардың белсенділігіне əсер ететін күн сəулесіне байланысты.
Сонымен топырақ аналық организм сияқты күннің энергиясын, 
қоршаған ортаның қоректік заттары мен элементтерін пайдаланып, 
оларды күрделі биофизикалық-химиялық процестер нəтижесінде 
ыдыратып, өсімдіктерді барлық қажеттілігімен қамтамасыз етеді. 
Осыған орай топырақтың құнарлылығы – топырақтың өсімдіктердің 
өніп-өсуіне керекті жағдай туғызу қасиеті. Топырақтың 
құнарлылығының негізі – өсімдіктің күн сəулесінен өтетін фотосин-
тез арқылы органикалық заттардың синтездеуі деген сөз.
Топырақ құнарлылығының:
1. Табиғи құнарлылық;
2. Жасанды немесе эффективті;
3. Экономикалық категориялары болады
Бұл түсініктерді өз мағыналарына сəйкес үғыну қажет. Табиғи 
құнарлылық табиғи күйіндегі ешқандай адам əрекетін кажет етпейтін 
құнарлылық. Жасанды құнарлылық негізінен адам əрекетінің 
нəтижесінде (мелиорациялау, тыңайту, т.б.) пайда болған құнарлылық. 
Ал экономикалық құнарлылы – жерден алынған өнімді бағалау.
Сонымен, топырақ құнары дегеніміз – оның өзінде өсетін 
өсімдіктерді бүкіл өсу даму кезеңдерінде барлық қажетті қоректік 
заттармен, ылғал, күн сəулесі жəне ауамен қамтамасыз етуі.


212
Жоғарыда топырақтың құнарына əсер ететін көптеген топырақ 
қасиеттеріне сипаттама бердік. Топырақтардың ол қасиеттерін 
төменгі топтарға ажыратуға болады:
1. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне оның суға төзгіш 
құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны 
ұстап тұруы, оңай өңдеуге болатын жақсы физикалық-механикалық 
қасиеттері жатады.
2. Топырақтардың химиялық жəне физикалық-химиялық қа-
сиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді 
азот, фосфор, калий жəне микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті 
болуы, топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, топырақ 
сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, топырақтың ау-
амен қамтамасыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкіндігінің 
мол болуы, зиянды, суға еритін тұздардың неғұрлым аз болуы не-
месе болмауы жатады.
3. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық 
белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, соны-
мен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің, биологиялық 
белсенді ферменттерді шығаратын микроорганизмдердің, топырақ 
құрылымына жəне оны қопсытуға əсер ететін төменгі сатылы 
жəндіктердің болуы кіреді.
4. Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық 
режимнің, яғни өсімдіктерді кажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз 
етудің болуы.
Осы көрсеткіштерінің қосындысы топырақтың құнарлығын 
анықтайды. Көп жағдайларда топырақ құнарлылығы табиғи 
жағдайдың өзінде-ақ қамтамасыз етілген. Алайда топырақтардың 
əртүрлі табиғи зоналарда орналасуына қарай олардың жоғарыда 
келтірілген топырақ құнарына əсер ететін қасиеттері əртүрлі. 
Мəселен, бір зоналарда ылғал жетіспейтін болса, керісінше, кейбір 
зоналарда күн сəулесі жетіспейді. Ал кейбір зоналарда топырақ 
құрамында зиянды тұздар қосындысы тым мол. Осы жағдайларға 
байланысты əртүрлі табиғи зоналарда топырақ құнарлылығының 
əртүрлілігі заңды құбылыс. Табиғи күйінде кейбір топырақтар 
құнарлылығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай 
топырақтар қатарына В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған 
қаратопырақтар жатады. Топырақтың табиғи құнарлылығының 
өлшеміне: оның биологиялық өнімділігінің деңгейі, яғни белгілі бір 


213
өлшемдегі жерден алынған өсімдіктер өнімі, көлемі есептелінеді. 
Бұл көрсеткіштер өсімдіктердің əртүрлі табиғи жағдайларда өніп-
өсуіне байланысты əртүрлі. Олардың өнімдері гектарына бірнеше 
ондаған центнерден бастап, бірнеше жүздеген, тіпті, мыңдаған цент-
нерге жетеді.
Бұл өнім – топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік (потенциал-
ды) құнарлылығы жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың табиғи 
күйіндегі құнарлығымен қатар, оның тиімділік немесе экономикалық 
құнарлығы болады. Топырақ құнарлығы адам қоғамының белсенді 
араласуының нəтижесінде іске асады. Адам қоғамының топырақты 
егістікке пайдалануы бірнеше ғасырларға созылып келеді. Егіншілік 
өнімін арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, 
əртүрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті 
қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту – адам қоғамының 
ғасырлар бойы келе жатқан іс-əрекеттері. Игерілген топырақтар 
бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоғамының өндіргіш 
күші арқылы өзгерген денеге айналды. Осыған байланысты 
топырақтардың табиғи құнарлылығы деген түсінік орнына енді 
адам əрекетіне байланысты өзгерген тиімділік немесе экономикалық 
құнарлылық түсінігі пайда болады.
Адам қоғамының іс-əрекеті нəтижесінде коғамның табиғи-тарихи 
əлеуметтік жағдайларында пайда болған топырақтың тиімділік 
құнарлығы дəрежесі қоғамның дамуының өндірістік күштері мен 
оның өндірістік қатынастар дəрежесіне тікелей байланысты. Бұл са-
лада адам қоғамының алғашқы дамыған қарапайым тіршіліктерінен 
бастап, қазіргі ғылыми-техникалық прогреске жеткенше қаншама 
кезеңдер өткені белгілі. Бұл уақыттар ішінде топырақты егіншілікке 
пайдалану жүйелері де қоғамның даму құбылыстарына сай, агроно-
мия ғылымының бірте-бірте өрістеуіне жетеді. Алғашқы кезендерде, 
адам қоғамы топырақты тек өңдеу арқылы оның табиғи құнарын пай-
даланып, бір жерлердің құнары азайса, оны тастап, басқа жерлерді 
игерді.
Дегенмен, келе-келе бұл жағдайлардың тиімсіз екендігін түсінген 
адам қоғамы, өндеген жерлерді оларға əртүрлі минералдық жəне 
органикалық тыңайткыштар енгізу арқылы тұрақты пайдалану 
мүмкіндігін түсінді. Бұл салада əлемде агрохимия деген ғылым пай-
да болып, оның дамығанына да ғасырлар өтті.
Адам қоғамы дамып, халық санының əлемде өсуі топырақты 


214
тиімді пайдаланудың басқа жолдарын қарастыруға мəжбүр етті. 
Осы бағытта топырақты тек коректік заттармен (минералды жəне 
органикалық тыңайтқыштар) қамтамасыз етумен қатар олардың 
топырақ құнарының бір негізі – ылғал режимін реттеу жолын 
іздестіруге келтірді. Бұл салада құрғақ жəне шөлді топырақтарды 
қолдан суару əдістері қолданылса, ылғалы мол батпақты 
топырақтарды қолдан құрғату жолдары жүзеге асырылуда. Жалпы 
бұл бағыттағы іс-əрекеттерді су мелиорациясы деп атайды.
Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп əсер етеді. 
Мəселен, құрғақ, шөлді аудандар топырағында мөлшерден артық 
суға еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. Оларды сумен ша-
йып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, ол жерлер-
ден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар, кейбір топырақтардың 
сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан, (сортаң) топырақ 
ортасының реакциясы сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте на-
шар, ылғалы жоқ кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып 
құнарсыз болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, 
сіңірілген сутегі, біршама алюминий катионына каныққан (орманды 
зонаның күлгін топырақтары), олардың топырақ ортасының реак-
циясы қышқыл болып көптеген мəдени өсімдіктер үшін құнарсыз 
болады. Міне, осы жағдайларды қолдан жақсартпайынша, бұл 
топырақтардан жақсы өнімдер алу мүмкін емес. Сондықтан осын-
дай топырақтар кездесетін аймақтарда, олардың тұзын шайып не-
месе топырақ орталарының реакцияларын химиялық мелиора-
циялау (гипстеу, əктендіру) арқылы жақсарту шаралары əлемде 
көптен жүргізілуде. Топырақтанудың бұл саласын топырақты ме-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет