Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет91/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   162
kabysheva-topyraktanu

лиорациялау деп, онымен шұғылданатын ғылым мелиоритивтік 
топырақтану деп аталады.
Топырақ құнарлылығына əсер ететін жағдайдың бірі – оның 
эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған топырақтың 
құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел-дауылдың əсерлерінен 
немесе қатты нөсерлетіп жауған жаңбырдан, тез еріген қардан, 
кей жағдайларда суармалы егістік жерлерді суару кезінде суды 
мөлшерден артық жіберудің нəтижелерінде жуылып-шайылуынан 
болады. Əлемде топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да 
ұшыраған алқаптар аз емес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен 
күресу жолдары – топырақтанудын бір саласы.
Əлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің нəтижесінде, əсіресе 


215
өндірістің қарышты дамуынан табиғатқа, оның ішінде топырақ 
құнарына зиянды əсері де толып жатыр. Соның ішіндегі ең негізгілері 
жер қойнауының əртүрлі тереңдігінде жатқан қазба байлықтарды 
барлап, қазып алу жəне оларды байыту кезінде құнарлы топырақ 
қабаттары бұзылып, жер бетіне жер астындағы құнарсыз тау жы-
ныстары шығып көптеген жерлер құнарсызданады. Оған қоса, 
көптегсн зауыт-фабрикалар мен жылу электростанциялардан 
шығатын күл-қоқыстармен ластанып, құнарларынан айырылатын 
жерлер баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына 
келтіруді қайта культивациялау деп атайды. Мұндай жағдайларда, 
шын мəнінде, топырақтар адам колынан жасалған антропогенді 
топырақтар түзіледі. Топырақтанудың бұл саласы əлемде соңғы 
жылдары қолға алына бастады.
Сонымен, топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны арттыру 
жолдары жалпы ауылшаруашылық ғылымдар жетістіктеріне агро-
номия, агрохимия, сонымен қатар топырақтану ғылымының са-
лаларына (топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы жəне одан 
қорғау, топырақты қайта құнарландыру) тиесілі. Бұл мəселелердің 
қоғамның дамуымен маңызы арта түспек. Табиғат қорларының 
барлық салаларын, оның ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді 
пайдалану сияқты мəселелер көптеген елдердің ата заңдары мен 
табиғатты жəне оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы 
заңдарында қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, 
оның экологиялық жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап
тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мəселе – осы 
заңдарды бұлжытпай орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет