Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


V Бӛлім   Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы



Pdf көрінісі
бет74/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   217
философия хасанов

V Бӛлім 
 Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы 
 
5.1. Құран және мұсылман дін ілімі, мутакаллимдер мен 
мутазилиттер мектебінің қалыптасуы 
«Араб-мұсылман» философиясы терминінің астарында тек араб тілінде 
оқып, жазған Араб халифатының құрамына кіретін елдер ғана емес, сонымен 
қатар парсы тілінде де жазған түрлі халықтың философиясы жатыр. 
Философия діндік бағытта ғана емес, ислам басым болған мәдениет 
салаларында дамыды. Оның басты ерекшелігі ортағасырлық философия 
сияқты бірден дамуында. Араб-мұсылман философиясы зороастризм, 
гностицизм, манихейст, христиан және буддизм діндерінің ықпалымен ортаға 
шықты. Ислам теологиясының дамуына антикалық философиялық ойлар 
үлкен септегін тигізді. Араб-мұсылман философиясы ислами мәдениеттің бір 
бӛлшегі болғандықтан «шығу тарихының ӛткенісіз» болып қала береді. 
Араб-мұсылман философиясының (VIII-XV ғғ.) дамуы үш сатыға 
бӛлінеді: 1) мұсылмандық дін ілімі – мутакаллим мен мутазилиттер 
мектебінің қалыптасуы, суфистік бағыттың пайда болуы. 
2) перипатетиктер әл-Кинди, Ибн Сина, әл-Фараби, Ибн Рушдтың 
(Аверроэс) шығармашылығы;
3) түркі философиясы: орта ғасырдағы шығыстық ілім ӛкілдері: Жүсіп 
Баласағұни, Ахмет Йассауи және т.б. ғалым-энциклопедистердің 
шығармашылығы. 
Мұсылмандық 
діншілдік 
бірнеше 
ғасырда 
қалыптасты. 
Мұсылмандардың Қасиетті кітабы Құран тіпті ХІ-ХІІ ғғ. мұсылмандық 
мәдениеттің ең ӛркендеген кезеңінде діни, этикалық және құқықтық 
тәрбиелеу Сунна (соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) қалдырған 
ақыл, ӛсиеті) бағытымен толықтырылды. Құран және Суннамен қатар 
олардың жалғасы ретінде мұсылмандық діни ілім құрылды. Діни ілімнің 
алдында: Құранның мағынасын ашу, оны жаңа догматтармен толықтырып, 
мемлекетті басқаруда, шаруашылықта, құқықтық басқаруда және 
теологиялық пікір таластарда туатын мәселелерді шешу қойылды.
Ислам негізгі екі басты бағытта дамыды – Суннаны ұстанатын 
(ортодоксальды классикалық ислам) және Құран мазмұнын түсінікті оқу 
және шиизм, ақиқат деп танылатын бағытынан тұрды. Исламның 
таралуының басты қағидасы мистицизм және теологиялық негіз тұрғысынан 


кӛп талқыға түскен бір Құдайға табыну (таухид) еді. Ислам дінінің 
таралуының алдыңғы кезеңінде жалпы Құдай туралы ойлар қалыптасты. Бұл 
бір жағынан, қабілеттілікті айқындау туралы теологияның негізінде болды. 
Олар схоластикада исламаның – калам (сӛз), дейтін бӛлігін 
қарастырды, яғни догматты қолдамады. Алла тағаланы кӛре алмасақ та, бір 
тылсым дүние бар, осы тіршілікті жаратқан Алла бар. Олардың болжауынша, 
адамдардың тәуелді болып және мүмкіндіксіз қиналуында заңдылық бар, ол 
Алланың әділеттілігі. Тіршілік те солай. Мутазалиттер де Құран Құдайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет