37
құрттар. Буылтық құрттар (Annelida). Былқылдақ-денелілер
типі (Mollusca). Буынаяқтылар типі(Artropoda)
3.1 Жалпы құрттар типіне сипаттама Трематодалар.Таспа
құрттар.Құрылысы, кӛбеюі және тіршілік.циклдері.
Плателминтес ӛкілдерінің дене қуысы болмайды.
Олардың
ішкі органдарының арасындағы барлық қуыстары борпылдақ
тканьдар-паренхима толтырып тҧрады. Ас қорыту системасы ӛз
бетімен тіршілік ететін тҥрлерінде эктодермальды алдыңғы және
энтодермальды ортағы ішектен тҧрады. Аналь тесігі мен артқы
ішегі болмайды. Эндопаразиттік тҥрлерінде ас қорту органдары
мҥлде жойылып кеткен. Плателминтестің прогрессивті белгісі зәр
шығару системасы жетілген.
Тыныс алу және қан айналу
системалары болмайды. Нерв системасы бас бӛлімінде болатын
нерв тҥйінінен, одан кететін нерв сабағынан, оларды ӛзара
жалғастырып тҧратын кӛлденең нерв сабақшаларынан тҧрады.
Қан сорғышынан басқа жалпақ қҧрттардың барлығы қос
жынысты.
Плателминтес типі тоғыз класқа бӛлінеді, оның ҥш класына
ӛз бетімен тіршірік ететіндер жатады. Кӛп тараған ӛкілдер:
Кірпікшелі қҧрттар (Turbellaria), Сорғыштар (Trematoda),
Моногенетиклық (Monogeoidea) және Таспа қҧрттар (Cestoda)
кластарына біріккен.
Жалпақ қҧрттардың шығу
тегін жорамалдау алдында
турбеллярияның эволюциялық негізін іздеу, себебі кірпікшелі
қҧрттар органикалық дҥние даму кезінің ҥлкен филогениялық
мәні бар кҥрделі тобы. А.В.Ивановтың
гипотезасы бойынша
турбеллярияның арғы ата тегі фагоцителлотәрізді жануарлар.
Турбелляриялардың эволюциалық бағытының бірі олардың
әртҥрлі паразиттік жалпақ қҧрттардың, трематодтардың дамып
шығуы, оның ішінде тҥзу ішекті кірпікшелі қҧрттардан. Мҧны
кӛптеген факторлар дәлелдейді. Мысалы, нерв системаларының
ҧқсастығы, зәр шығару органдарының ҧқсастығы т.б.
цестодтар
трематодтардан шыққан деген жорамалда бар. Екінші жағынан
цестодтардың сколексі тҥзу ішекті турбелляриялардың денесінің
алдыңғы бӛлімі мен ҧқсас және зәр шығару системасы ҧқсас.
Жұмыр құрттар
Жҧмыр қҧрттар жалпақ қҧрттар
сияқты екі жақты
симметриялы, целомсыз кӛп клеткалы жануар. Нематель-
38
минттердің плателминтестен ерекше белгілері: боропылдақ
клетка-паренхима жарым-жартылай болады,
оның орнына
алғашқы дене қуысы-схизоцель пайда болады, ең бірінші рет
жҧмыр қҧртарда артқы ішек пайда болып,ол
аналь тесігімен
аяқталады, аузы әрқашанда денесінің алдыңғы ҧшында
орналасады, денесіндегі тері-ет қапшығы редукцияға ҧшыраған,
ет системасынан тек қана ҧзын салалы ет болып, ол денені тҧтас
жауып жатпай таспа тҥрінде болып, арқа, қҧрсақ, бҥйір
бӛлімдерінде орналасқан. Немательминттердің денесін жҧмыр
болу себебі: денесінің шала ӛткізгіш қасиеті бар кутикуламен
қаптаулы. Гликогеннің ашуынан пайда болған қышқылдардан:
май қышқылы, валериан қышқылы дене қуысын толтырып
тҧрады. Осы қышқылдардың әсерінен жҧмыр қҧрттардың ішкі
керегесінде тургор қысымы тҥсіп, оны жҧмыр етіп тҧрады.
Регенерацияға бейім емес.
Жҧмыр қҧрттар типінің қҧрамына кіретін кластар: Қҧрсақ
кірпікшелі қҧрттар (Gastrotricha), Нағыз жҧмыр қҧрттар
(Nematoda), Коловраткалар (Rotatoia), Кинорнхи (Kinorhuncha),
Қыл қҧрттар (Nematomorpha), Приапулидтер (Priapulida),
Скребнилер (Acanthocephala).
Достарыңызбен бөлісу: