Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет202/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Мақсаты. Яғни, осынау зерттеу жұмысының да басты мақсаты – «Ақ жол» секілді Алаш баспасөзін 
сенімді дерек көзі ретінде кәдеге жарата отырып, музыка турасындағы ұлт тұлғалары толғаныстарының 
қоғамдық өміріміздегі маңыздылығын айқындап көрсету, дереккөздерді кейінгі тарихи зерттеулерде 
қолдану мүмкіндігін анықтау болып отыр. Осыған байланысты бұл бағыттағы зерттеу жұмысының таяу 
болашақта алдына қойылған міндеттері де төмендегідей болуы тиіс деп білеміз:
- «Ақ жол» газетінде, жалпы Алаш баспасөзінде музыка тақырыбында қалам тартқан тұлғаларды 
айқындау; 
- 1920-1925 жылдар аралығында ұлттық музыка өнерін көтеру, дәріптеу бағытында жарияланған 
материалдардың маңыздылығын талдау; 
- «Ақ жол» газетінің беттерінде білім саласын бойынша жарияланған мақалаларды талдап, сол 
кезеңде мектептерде музыка пәнін оқытудың қалай сиппатталғанын саралау, т.б.
Материалдар мен әдіс-тәсілдер. Жалпы біз бұл мақалада 1920-1925 жылдар аралығында жарық 
көрген «Ақ жол» газетінің, төңкерістен кейін қазақ қоғамының «көзі, құлағы һәм тілі бола білген»
басылымның жарияланымдарына сүйеніп, соған сай шағын зерттеудің хронологиялық шеңберін де
мерзімді басылым жарық көрген 1920-1925 жылдар аралығымен шектеп, бірнеше әдіс-тәсілдері қолда-
нуға тырысып бақтық. Былайша айтқанда, мәселені зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат 
және газет-журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге 
зерттеу барысында саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, теориялық таным, тарихи 
зерттеу тәсілдері қолданылды.
Нәтижелерді талқылау. Сондай-ақ біздіңше зерттеу жұмысындағы нәтижелерді талқылаудың да 
маңызы бөлек. Яғни, «Ақ жол» газетіндегі осынау музыкаға байланысты материалдардың біріншіден
мұрағаттық құжаттар ретінде бәсі жоғары болса, екіншіден, тақырыпқа байланысты қарастырылған 
маңызын жоғалтпаған мақалалар болашақ монографиялық зертеулерге түрткі болып, ғылыми тұжырым-
дар негізінде жасалған теориялық қорытындылар мен ізденіс нәтижелері қазақ баспасөзінің даму 
бағыттарын айқындауға септігі тиіп жатса, ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды 
дайындауда кәдеге жараса, нұр үстіне нұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет