Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет203/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Зерттеу жұмысының нәтижелері. Ал зерттеу жұмысының нәтижелеріне келер болсақ, біздіңше
«Ақ жол» газеті сол кезеңдегі қазақ газеттері арасынан алғаш рет жүйелі түрде музыка мәселесіне баса 
маңыз беріп, арнайы айдар тақпаса да тұщымды мақалалар жариялап отырды. Ол материалдардың 
денінің дереккөз ретіндегі ақпараттық мүмкіндігін жоғары бағалауға болады деген ойдамыз. Осыған 
байланысты зерттеу жұмысының мынадай маңызы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз: 
«Ақ жолды» шығарушылар қатаң сүзгі мен цензураға қарамастан, халқымыздың ұлттық музыка
өнерін дәріптеуді дәстүрге айналдырып, саз өнерін сарапқа сала келе мәселеге сол күнгі талап 
тұрғысынан баға беріп отырған; 
«Ақ жол» газетіне сипаттама жасай отырып көкейге түйгеніміз: басқасын айтпағанда, газет көтерген 
бір ғана музыка төңірегіндегі түйткілдер мерзімді басылымның ұлттық сипатын айқындайды. Осыған 
сай басылым бетінде жарияланған бірқатар мақалалар талданып, ғылыми айналымға ұсынылды. Газеттегі 
көрсетілген мерзімдегі қозғалған мәселелер талданды; қазақ жастарын білім алуы, ұлттық болмысты 
сақтаудағы ұлттық саз өнерінің ықпалы нақты деректер арқылы анықталды; «Ақ жол»» газетінің қазақ 
қоғамында алатын орны мен Қазақстанның баспасөз тарихындағы маңызы айқындалып, дерек көздерімен 
бірлікте жаңа көзқарас тұрғысынан баяндалды.
Ал жалпы музыка мәселесіне келер болсақ, Кеңес үкіметі орнамаған, Патшалық Ресей билік құрып,
отарлау саясаты бел алған тұста да баспасөзде ұлттық музыка мәселесі аса көп көтеріле қоймаған сияқты. 
Мәселен, 1870-1917 жылдар аралығында жарық көріп отырған «Туркестанские ведомости» газетін 
алайық. Негізінен еліміздің оңтүстігіндегі елдің тыныс-тіршілігінен хабар беріп, отарлау саясатына 
арналған очерктер, шағын заметкалар, корреспонденциялар, мақалалар беріп отырған басылым бәзбірде 
жергілікті жұрттың этнографиялық ерекшеліктеріне баға беріп, отырғанымен, ұлттық музыка мәселесін 
қоғам талқысына салуға қырын қарағанға ұқсайды. Себебі «... бұратана жұрттың көзін ашып, орыс 
жұртшылығымен, оның рухымен бірте-бірте жақындастыра беру – аса маңызды мемлекеттік міндетке 
жатады» [3], - деп түсінген редакция алқасы да, генерал-губернатор Н.П. Кауфманның таңдауымен 1868 
жылы редактор болып бекітілген штабс-капитан Н.Маевтың да ұлт өнерінен, дәстүр-салты мен 
мәдениетінен бейхабар екендігі белгілі болатын. Сондықтан да 1870 жылдың 28 сәуірінен 1917 жылдың 
15 желтоқсанына дейін 6406 саны оқырман қолына тисе де, самодержавиялық саясаттың шеңберінен 
шыға алмаған газет орыс қоныс аударушылары үшін жайлы жерлерді іздестіріп, игеру секілді 
мәселелерге баса назар аударып, ара-тұра қазақтардың тарихына да атүсті үңіліп отырғанымен ұлттық 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
196 
музыка мәселесіне терең бойлай алмайды. Өйткені газет материалдарында жай ғана баяндау басым 
болғандықтан да болса керек, деректік тұрғыдан құнды десек те, сапасы жағынан сын көтермейтінін 
айтуымыз керек-ақ. 
Ал Кеңестік кезеңдегі баспасөзге келсек, Түркістан коммунистер партиясының Кіндік комитетінің 
тілі саналып, саясат - шаруашылық, білім - әдебиет турасындағы айында бір шығатын қырғыз-қазақ 
журналы ретінде белгілі болған, И.Тоқтыбаев шығарып отырған «Шолпанда» 1922 жылы 
Х.Досмұхамедов «Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама» атты көпке мәлім 
мақаласында 1921 жылдың басында Түркістан халық-ағарту комиссариатының жанында ашылған 
комиссияның шешімімен қазақ-қырғыз мектептері үшін оқу кітаптарын даярлау мақсатында 
А.Байтұрсыновтың «Әліппе», «Тіл құралы», «Баяншы», М.Дулатовтың «Есеп құралы», И.Тоқтыбаевтың 
«Жағырафия сөзі» т.б. оқулықтардың баспа бетін көргендігі баян етілгенімен, музыка оқулығы туралы 
ештеңе айтылмапты [4]. Тек Ә. Диваев материалдарынан бір терме кітаптың дайындалып жатқан-
дығын, әлі басуға алынбағандығын жеткізіпті. Яғни ұлттық турасындаға тұщымды толғамды бұл 
журнал беттерінен де кездестіре алмадық.
Әрине, біз сол кезеңде «Бірлік» қауымының кіндік кеңесінің Омбыда барлық қазақ-қырғыздардың 
съезін жасап, саяси мәселелерден бөлек, өнер таратуға да ерекше назар аударып, театр, музыка үйлерін,
сурет өнері дамытуды, өлең-әнді де қағыс қалдырмай, музей ашуды мұра тұтып, зиялылар талқысына 
салғанын, ұлт оқығандарының 
бай рухани мұрасының ішінде әндердің де баршылық болғанын жоққа 
шығармаймыз. Бұл ретте біріншіден Міржақып Дулатұлының «Алаш гимнін» атап көрсетуге болар. Бұл 
әнді бірқатар зерттеушілер төңкеріс тұсында туған деп жүр. Іле шала 1918 жылы «Абай» журналының 
жетінші нөмірінде Жүсіпбек Аймауытовтың ұлт ұраны іспетті «Ғаскер» өлеңі баспа бетін көріп, көп 
ұзамай әні де туғанын білеміз.
Ал Алаштың Ахметінің «Анаға хат» атты әнінің түрмеде туғандығы аз жазылып жүрген жоқ. Одан 
бөлек Байтұрсынұлының «Аққұм», «Кәмшат бөрік» деген әндері де бар екен. Осы секілді мысалдарды 
көптеп келтіруге болар, алайда музыка туасында аз-кем мақалаларды біз тек «Ақ жол» беттерінен ғана 
таптық.
Жалпы
1920 жылы 4 қазанда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 
құрылғандығын жариялаған Қазақстан Кеңестерінің І Құрылтай съезінен кейін кеңес үкіметін берік 
орнықтыру мақсатында ұлттық баспасөздің іргесін қалау керектігі ескеріліп, Қырғыз мемлекеттік 
баспасы (Қазмембаспа) құрылған соң-ақ респуликада қазақ тіліндегі кітаптардың көптеп басылып, жаңа 
газеттердің жарық көре бастағаны белгілі [5].
1920 жылы сәуір айынан бастап Ташкентте аптасына екі рет шығып тұрған «Жаңа өріс» газеті 14 
нөмері жарық көрген соң жабылып, оның негізінде Түркістан орталық партия комитетінің тілі ретінде 
1920 жылдың 7 желтоқсанынан 1925 жылға дейін «Ақ жол» газеті Ташкент қаласында басылып келді. 
ТКП ОК мен ТүркОАК органы ретінде аптасына 2 рет оқырманмен қауышып, 12 мың данамен тарауға 
тиіс болған басылымның алғашқы шығарушы редакторлығына Сұлтанбек Қожанов бекітіліп, жауапты 
хатшылыққа Міржақып Дулатов лайық деп танылып, Иса Тоқыбаев, Хасан Алиев, Абдулла Байтасов, 
Қоңырқожа Қожықов, Хади Илаев, Ғабит Алпаровтар қызмет істеген редақция шын мәнінде ұлт сөзін 
сөйлеп, ел мүддесін көздеді. 
1920-1925 жылдар аралығында онда С.Қожанов, С.Оспанов, Н.Төреқұлов, С.Асфендияров, 
М.Дулатов, И.Тоқыбаев, Қ.Құлетов, М.Қайыпназарұлы, С.Сәдуақасов, Ж.Арыстанов т.б. тізгін ұстап,
Алаштық идеяны ту ете отырып, ұлттық тұтастықты ұлықтауға бел шеше кірісіп, ұлт ұпайын түгендеуге
күш салды. «Басқармадан», «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Бұйрық- жарлықтар» сияқты тұрақты 
бөлімдері болған, «Әйел теңдігі», «Жастар арасында», «Ресми бөлім», «Елден», «Басмашылар тарихы» 
айдарлары редакцияға түскен мақалаларға байланысты газет бетінде көрініп отырды. 
Басылымда кезінде жарық көрген «Халық ағарту жайы» атты маңызы бөлек мақалада автор: «...Бұл 
күнде Кеңес хүкметі сауатсыздықты жоймақ. Балалар түгіл хат танымайтын үлкендер де болмасын. Бізде 
қазір үлкендерді оқытатын түгілі, ең азы бастауыш мектептер үшін оқу құралдары жоқ. Мектептен 
тысқары кітапханаларда жастар һәм үлкендер оқитын жай кітаптар жоқ. Бастауыш мектептерде оқытатын 
жеткілікті мұғалімдер жоқ. Саны аз, білімі кем, оқыту ісіне олақ мұғалімдерімізге жолбасшы кітаптар, яки 
шығып тұрған журналдар жоқ. Қалада болсын, далада болсын бір де коммуна мектеп үйі жоқ. 
Мұғалімдер даярлап шығаратын бір семинария, я бір институт жоқ» [6], - деп Кеңес үкіметі аяғынан тұра 
қоймаған алғашқы жылдарда білім беру саласынның ахуалы өте күрделі болғандығын ашық жазып, бұл 
мәселеде шешімін таппаған шаруаның көп болып тұрғанын тарқата талдапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет