Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет204/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
197 
Ал осы тақырыпты газет бетінде ары қарай жалғай талдап, қоғам талқысына салған келесі бір
«Тілжан» деген бүркеншік есімді тілші газеттің келесі санында-ақ үн қоса пікір білдіріп: «Оқу кітаптары 
керек» деген жарияланымында: «... Оқу ана тілінде үйретілсе, жеңіл һәм орнықты болуына ешкімнің 
таласы болмаса керек. Мұны Николай үкіметі де мойындап, оқу министрінің 1907 жылдың 1-декабрьінде 
бұратаналар мектептерінде алғашқы жылдары оқу ана тілінде болсын деп шығарған жарлығы бар...Тиісті 
кітабы болмаса болмаса, ана тілінде сабақ оқыту деген іске аспайтын тәтті қиял, жақсы идея болып қала 
бермек...» [7], - депті. Шындығында жоғарыда аталған кемшіліктердің барлығын жергілікті биліктің 
назарына ұсынған ұлт жанашырлары мұғалімі кем мектептің, оқулығы осал оқушының өз биігіне шыға 
алмайтынын ашық айтқан. Біздіңше, негізгі пәндердің өзіне немкеттілік басым болып тұрған сол кезеңде 
музыка мәселесі тіпті тасада қалған сияқты. Өйткені бес жыл бойы қаншама саны оқырман қолына тиген 
газетте музыка жайлы мақалалар саусақпен санарлықтай ғана. Ал ұлттық музыка, дәстүрлі ән, терме 
тарихы сияқты ұлт мұраларын ұлықтау тіпті елеусіз қалған. Бір жағынан көне мұраның бәріне «ескіліктің 
сарқыншағы» деп қарап, цензураның қатаң сүзгісінен өткізіп отырған большевиктік билік те рухани 
қазынамызға мойын бұруға мұрша бермеген болып тұр ғой.
Оның үстіне тіл, дін, діл, жер сияқты ұлттың бар болуын, яки жоқ болуын анықтап беретін аса 
маңызды мәселелерге басымдық берген басылым музыкаға көп орын беруді де қолай көрмегендей. Газет 
бетінде музыка өнеріне қатысты арнайы айдардың болмауы да бұл пікірімізді дәлелдей түседі. Бірақ 
бұған қарап «Ақ жолды» ұлт мұраты жолынан тайды, ел сөзін сөйлеуде азусыз болды деп жазғыруға 
болмас. Керісінше газет шын мәнінде «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналып, ұлттық мүддеге 
келгенде үнсіз қалмады. Осылайша партия саясатын насихаттату үшін ашылған басылымның кеңестік 
қоғамның жетістігінен гөрі кемшілігін тез көретін «қырағылығын» сын тезіне алып, РК(б)П ОК-нің 
баспасөз бөлімінде қазақтың мерізімді баспасөзінің өсіп-өрендеуі мен алған бағытын айықындау барысы 
1924 жылы 19 қарашада болған мәжілісте жан-жақты қаралды. Онда бірқатар басылымдармен қатар «Ақ 
жолдың» редакциялық көзқарасы да қатаң сыналып, газетте партия және идеологиялық бағыттың 
жоқтығы, оның беттерінде ұлтшылдықты уағыздайтын мақалалардың, өлеңдер мен әңгімелердің жиі 
басылатындығы баса айтылып, тез арада шара көруге шешім қабылданды. 
Ал Ф.И. Голощекиннің билік басына келуі қазақ баспасөзіне деген қарым-қатынасты әбден 
ушықтырды. Ол И.Сталиннің 1925 жылы маусымдағы «Ақ жол» газетіне байланысты жолдаған хатын-
дағы партияда жоқ зиялыларға байланысты айтылған пікірлерді өзінше ұғынып, «алаштық интеллиген-
циямен» ымырасыз күресті бастап та деп жіберді [8].
Осылайша көп ұзамай тұсау салынған «Ақ жол» Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне 
қосылған соң 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің 
органы ретінде Шымкенттен шығып тұрды. Яғни ұлт газетінің белді қызметкерлерінің дені басқа қалаға 
кетіп, «Ақ жол» Шымкентте губерниялық комитеттің органы ретінде қазақ диқандарының басылымына 
айналып, көбіне-көп ресми хабарлар берумен шектеліп қалды. Елден келген оқырман хаттары болмаса, 
мақалалардан да бұрынғыдай ашықтық пен туралық байқала қоймады. Дегенмен 600-ден аса саны 
жарыққа шығып, ұзын саны он мың данамен таралған «Ақ жол» газетінің өз жұмысын тоқтатуы ұлт 
зиялыларына да үлкен соққы болды.
Ал «Ақ жолдағы» музыка мәселесіне қатысты мақалаларға келсек, «О.Ж.» деген тілші «Духовой 
музыка» атты қысқа ғана ақпараттық материалда былай делініпті: 
«Ташкенттегі қазақ институтында биылғы сентябрьден бастап музыка үйірмесі ашылып еді. Үйірме 
ашылғаннан бері 15 бала духовой музыканы үйрене бастаған. Қазірде үйренген балалар духовой музыка-
мен бірнеше орыс, қазақ күйлерін тартуға үйреніп қалды. 1-майда институт балалары духовой музыкамен 
парадқа шығады. Қазақ оқушыларының бұл күнге шейін духовой музыкаға үйреніп, тұңғыш майданға 
бірінші ғана шығып отырғаны. 
Жасасын жаңа талап өнер мамандары!» [9]. Демек осы шағын мақаладан-ақ қазақ жастарына саз 
өнерін үйретуде басымдық ұлттық музыкаға емес, Еуропалық мәдениетке берілгені де айқын аңғарылып
тұр. Мұнан әрине басылым шет жұрттың әуенін насихаттауды мақсат тұтты деген түсінік орын алмауы 
керек. Өйткені Жүсіпбек Аймауытов бастап, Қошке Кемеңгерұлы қоштап, Ғабдолла да үн қосқан 
«Қазаққа пайдалы жас талап» атты мақалада үш автор бір бірінің пікірін құптап, көркем әдебиеттің даму 
деңгейіне көңіл толатынын, жас жазушылардың аяқ алысы жаман еместігін жаза келе: «...Жас жазушылар 
шығып келеді. Оларды қарсы алып, қолтықтан демеп, маңдайынан сипау керек. Бізде ән-күй жағынан, 
сүгіретшілік жағынан Еуропа тәлімін алып, жетіліп шыққан өнерпаздар жоқ. Қазақтың өзінен 
композитор, өзінен сүгіретші шықпай, қазақ музыкасы (ән-күй), қазақ тұрмысының айнадай сүгіреті 
жасалмайды. Қазақша әндеріміз, күйлеріміз нотаға (қағазға) жазылғанмен, қазақ өмірін қандай көп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет