Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет275/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
266 
ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы 
орынды да. Мысалы, Түркия Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің есептеріне 
қарғанда, екі ел арасындағы өзара сауда айналымының жалпы сомасы 2001 жылы 1 млрд. АҚШ доллары-
нан асқан. Ал, 1999 жылы Қазақстанға Түркия Республикасынан әкелінген тауарлар экспорты-ның жалпы 
сомасы 96 миллион АКШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 116 миллион АҚШ 
доллары болғанды. Ал, Қазақстаннан 1999 жылы Түрік еліне апарылған тауарлар экспортынын жалпы 
сомасы 296 млн. АҚШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 346 млн. АҚШ долларына 
жеткен болатын. Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы 
байланыстарды сөз ететін болсақ, ең алдымен 1991, 1992, 1996 жылдары Қазақстан мен Түркия халық-
тарының мәдениеті мен өнері күндерінің өткізілуі, Алматы және Анкара қалаларында кино-фестивальдар 
ұйымдастырылуы, Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары, Абай Құнанбаев 
пен Жамбыл Жабаевтардың ақындық шығармашылық мерейтойларын атап өту шараларынын ұмытыл-
майтын, екі ұлт үшін де пайдалы, ұлағатты, тағылымды істер болғандығын айтуға болады. 
Сонымен қатар, бұл саладағы өзара туыстық байланыстардың бірегейі ретінде Түркия мен Қазақстан 
арасында 1992 жылдың 31 қазанында Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы Өкіметтері 
арасында Түркістан қаласында Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 
ашылуына келісім жасалуын атап көрсету орынды. 
Бүгінде аталмыш университетте түркі дүниесінен келген 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. 
Университет алғашқы түлектерін ұшырды және бұл түлектер Қазақстан-Түркия және басқа түркі 
елдерінде де биік парасаттылықпен халқымызға қызмет етуде. 
Сонымен қатар 1999 жылдың алғашқы айларынан бастап: 
Қазақстан мен Түркия өкіметі, министрліктер, түрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар мен ұйымдар, 
университет және сауда бірлестіктері арасында 100-ге жуық келіссөздер мен протоколдарға қол қойылды; 
- Түркия Республикасы коммуникациясы және Түрік Телекомның инвестицияларымен Түркия-
Қазақстан арасындағы тікелей телекоммуникация байланысы құрылып, Қазақстанның бүкіл дүние-
жүзімен болған телефон байланысы Түркияның үстінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Қазақстанда 
Түркияның теледидар бағдарламалары көрсетілетіндей дәрежеге қол жетті; 
- Қазақстанда Түркия Республикасы мердігерлік секторының қызметтерімен іске асқан бағдар-
ламалар 400 млн. доллар, әлі жалғасуда болған бағдарламалар 1 млн. доллар және айрықша қоғамдық 
ұйымдар тарапынан міндеттемеге алынған бағдарламалардың бағасы 300 млн. доллардан асқан. 
Осылайша Түркия Қазақстанда жасалған инвестициялары барысында АҚШ, Оңтүстік Корея және 
Англиядан кейінгі төртінші орынды иемденген болатын; 
- Тәуелсіздіктен кейінгі екі жыл ішінде Түркия мен Қазақстан арасында (1992) 22 млн.доллар 
шамасында іске асқан сыртқы сауда көлемі тарапынан қабылдануына қарамастан Қазақстан мемлекет 
басшысы Н.Назарбаев 1998 жылы 29-қазанда Түркия келгенінде "Баку-Жейхан мұнай құбыр жолын 
Қазақстанның қолдайтындығы жөнінде дүниежүзіне әйгіленген декларацияға Түркиямен бірге қол 
қойды; 
- Түркияда қазір 1200-дың үстінде Қазақстандық оқушы, Қазақстанда 1000 шамасында Түркиялық 
оқушы білім алуда. Қазақстандағы Түркиялық оқушылардың жартысына жуығын Ахмет Яссауи 
университетінің оқушылары құрауда;
- Түркиялық қорлар мен жеке фирмалар тарапынан Қазақстанда ашылған арнайлы лицейлер-
де 500-ден астам Түркиялық оқытушы қызмет етуде. Бұл оқу орындарында 100 мыңға жуық қазақ 
жастары білім алуда және бұл оқу орындарын бітірген мыңдаған жас Түркия түрікшесін үйрене отырып 
университетке жолдама алуда. 
- Түрік Дін Басқармасы тарапынан Қазақстанда көптеген мешіттерде жөндеу жұмыстары жүргізуде, 
жаңа мешіттер салынуда және қазіргі таңда Түркия Республикасы Алматы Төтенше Елшілігінің дін 
қызметтері жөніндегі кеңесшілгінде 16 дін адамы қызмет етуде. Айрықша 1997-1998 жылы Алматыда бір 
теология факультетінің ашылуына көмек көрсетілген. 
Осындай қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Түркия мен Қазақстанның гуманитарлық-ағарту 
саласы бойынша қарым-қатынастық байланыстарда кемшіліктер де болды. Көбіне көп, мұндай 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
267 
кемшіліктер екі мемлекеттің қаржылық және ішкі - саяси проблемаларына қатысты туындаған еді. Соған 
қарамастан, осы саладағы Түркия мен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастарының келешегі үлкен.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік 
қоғамдастыққа ену үшін деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған 
алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан 
қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов,  Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-
теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды 
диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи 
ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.
Қазақстанды дамыған елдер қтарына қосатын факторлар қатарына халықтың сауаттылығы, ғылыми-
зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады. 
Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа 
технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі оның дамушы елдер қатарына 
жататындығының дәлелдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет