Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет68/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
63 
пен Парсы шығанағының арасында кеме қатынасын дамытып отырған Линх кеме жасау компаниясы 
жалғастыруға мүдделі болды. Бағдат теміржолын салуға құлықты болған тағы бір компания бар еді. Ол 
Измир-Айдын теміржол компаниясы болды. Бұл компания негізінен француздардың қолдауымен 
жүргізіліп жатқан Измир-Касаба теміржолының Афион қаласында түйістірумен шұғылданып жатты. 
Бағдат теміржолы Стамбул, Искендерун, Мерсин порттарын дамытып Измир портының маңыздылығын 
азайтты. Измир-Айдын теміржол компаниясы Измир портының қызметін төмендетпей, керісінше оның 
қызметін жандандырудағы рөлін көтеруге тырысты. Бұл жағдай аймақта Осман империясы мен 
Германияның біріккен жобасына француздардың бақталастыққа түсуін көрсетті. Измир-Айдын 
теміржолын салу туралы француз парламентінде Гибсон Боулес тарапынан арнайы ұсыныс қабылданып, 
оның нәтижесінде Бағдат теміржолына қарсы арнайы «майдан ашу» қарастырылды [13]. 
Шығысқа сапар жасаған ағылшын кеме жасаушылары да Бағдат теміржолының өздерінің болашақта 
табыстарының азаятынын түсініп, Бағдат теміржолының өзіне тигізер кері әсерінің алдын алуға кірісті. 
Уақыт өте бұл іске Шығысқа қарай өтіп жүрген тоқыма өнеркәсібінің өкілдері де тартыла бастады. Олар 
егер Бағдат теміржолының салынуына Англия қатысатын болса, баж салығының артуына келісім беретін 
болды. Ал баж салығының артуы бұл фабрикаттардың Осман империясына экспортқа шығарған тоқыма 
өнімдерінің көлемін азайтатын болды. Алайда, көп ұзамай ағылшындардың Бағдат теміржолының 
құрылысына қатыспайтыны анық болды. Бұл жағдай, Британ империясының теміржолдың Парсы 
шығанағына жеткен соң, ондағы қорғанысты күшейтетінін нақтылап берді. Герман империясының эконо-
микасының жоғары қарқынмен дамуы немістердің жоспарларын тез орындалуына мол үміт арттырды. Ал 
Франция болса, Париж фонд биржасына Бағдат теміржолын байланыстыруға шешім қабылдады.
Бұған дейін 1899 жылы 6 мамырда Дойче Банк, Османлы Банкі, Измир-Касаба теміржолы компания-
сы мен Анадолы теміржолы компаниялары арасында қабылданған келісімде француздардың Бағдат 
теміржолын салуға үлкен ұсыныс тастаған еді [14]. Тіпті ол кезде Дойче Банкке концессия берілген кезде 
нақты ұсыныстар білдіріп, қатысушыларды қолдаған болатын. Бұл келісімнен екі жыл өткен соң 13-21 
мамыр аралығында Османлы Банкі мен Анадолы теміржол компаниясының өкілдерінің арасында 
жүргізілген келіссөздерде де нәтижелі қорытынды жасалған еді. Бұдан бөлек, Дуйунуумумие
1
әкімшілі-
гіндегі француз өкілі Бағдат теміржолының басты жақтасы еді. Қажет болған жағдайда Француз темір-
жолдары компаниясының, Османлы Банкі мен Дуйунуумумие сынды ұйымдардың Бағдат теміржолының 
салынуы мен оның пайдаланылуын қолдауы сөзсіз еді. Бағдат теміржолының салынып, оның қолданысқа 
берілген соң, француздарға тиісті болған Измир-Касаба, Шам-Хама теміржолдары Осман империясын 
Азия және Еуропамен байланыстыратын үлкен желінің бір бөлігіне айналып, осылайша оның рөлі 
жоғары болатын еді. Анадолы мен Анадолы-Касаба теміржолдары басшылары екі желінің Афионда түйі-
суін жоспарға алды. Ол бойынша Измир-Касаба теміржолдары тікелей Адана, Алеппо, Бағдат сынды 
Осман империясының ірі орталықтарын байланыстыратын болды. Осман империясының аумағында 
өрілген теміржолдың Османлы Банкі мен Дуйунуумумиедегі француз өкілдері үшін де басты жоспар-
лардың бірі еді. Мұның барлығы Осман империясының Францияға көптеп қарыз болуымен байланысты 
болды. 
Осы себепті Османлы Банкі мен Измир-Касаба теміржолы компания басшыларының Дойче Банкпен 
келісімдерінде таң қаларлық бір жағдай жоқ еді. Таң қалатын жағдай 1903 жылдың қазан айында француз 
үкіметінің Париж фондында Бағдат теміржолы акцияларының сатуға тыйым салды. Бұл шешімнің 
қабылдануына түрткі болған себептердің кейбіреулерін 1903 жылдың 19 қарашасында Дешанельдің 
мәжілісте жасаған баяндамасында: «Бұл теміржол Суэц каналынан Шығысқа қарай бағытталған жолдың 
бір бөлігін алып, Марсель порты мен француз теміржолдарына Орталық Еуропа теміржолдарын 
бәсекелес етіп шығарады. Бұл жаңа бір отарлау саясатының тууына себепкер болады. Мемлекеттерде 
қару-жарақ тапшылығы туындап, басып алатын аймақтарда қару-жарақ сатудың табысы күшейтіледі. 
Қазіргі уақытта басып алудың басты құралы болған капитал салудың ең үлкен бөлігіне ие болған біздер 
сыртқы саясатымызға қарсы болған адамдарға өз капиталымызды бергелі жатырмыз» - делінді
[15, s. 174]. 
Мұнда Дешанельдің баяндамасындағы басты мәселе Германияның Осман империясындағы саяси 
беделінің артуы Францияның саясатына нұқсан келтіруімен сипатталады. Одақтасы Ресейдің Бағдат 
теміржолына көрсеткен наразылығын бұл тақырыптағы басты мәселе ретінде көтерді. Немістердің Осман 
империясының территорияларында діни және мәдени тұрғыда жайылуы француз билігі мен қоғамын 
әбігерге салған ең маңызды факторлардың бірі болды. Оның ішіндегі басты мысал, Осман империясының
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет