Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет70/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
65 
жарияланды. Бұл жағдай теміржолдың салынып, оның пайдалануға берілуінде Германияның белсенділігі 
арта түсетінін көрсетті. Конья-Булгурлу арасындағы алғашқы 200 километрлік бөлігі аяқталғанша жалғыз 
Германияның өз күшімен теміржолды сала білуі халықаралық саясат пен экономикада аса ірі жаңалық 
болды. Осы кезде халық арасында және өзге мемлекеттерде бұл жолды Германия жалғыз өзі сала алады 
деген түсінік пайда болды. Алайда, мұндай пікірлер теміржолды Германияның жалғыз өзі ғана салады 
дегенді білдірмейтін еді. Дегенмен де, теміржолды салуда жалғыз өзі ғана қалған Германия шетелдерден 
белгілі бір мөлшерде қаржы қорларын қарастыруды немесе Осман империясының басқа империалистік 
мемлекеттерден баж салығын арттыру арқылы қаржыны көбейтуді көздеді [17].
Жоғарыда аталған себептер Бағдат теміржолы құрылысының Булгурлу станциясында тоқтап қалуына 
себепші болуымен бірге Германияны халықаралық саяси аренада жалғыз қалдырды. Германияның өте 
жылдам қарқынмен дамуы ғасырлар бойына бір-бірімен қарсылас болып келген екі империя Англия мен 
Францияның жақындасуына себепкер болды. Екі мемлекет Еуропа мен Азияда Германияның күшейіп 
келе жатқанынан сескеніп, оған қарсы саяси одақ құруды жоспарлады. Оның нәтижесінде 1904 жылы 
сәуір айында Ұлыбритания мен Франция арасында «Антанта» деген атпен саяси келісім жасалды. Бұл 
келісім бойынша Франция Мысырдағы саяси үстемдік әрекеттерінен бас тартып, бұл аймақта Британ 
империясына саяси кедергі келтірмейтін болды. Ал ағылшындар Францияның Мароккодағы саяси 
отарлау әрекеттеріне нұқсан келтірмейтін болды. Келісім бойынша Мысыр мен Марокконың саяси 
тәуелсіздігіне толықтай нүкте қойылмады, алайда аталған мемлекеттердің Англия мен Францияның 
протекторатына айналатынына күмән жоқ еді. 
Бұл келісім тараптар арасында Бағдат теміржолы мен Германияның аймақтардағы басқа саяси 
ұстанымдарына орай басқа да саяси келісімдердің тууына себепкер болды. Онда Ұлыбритания мен 
Франция Осман империясының территориясында Германияның салып жатқан Берлин-Бағдат теміржолы-
ның салынуына қарсы оппозиция құрды. Герман билігі де бұған қарсы әрекет ретінде Мароккоға 
Францияның отарлау әрекеттеріне қарсы күресуге саяси қолдау білдірді. Осылайша, аймақта Германияға 
қарсы Еуропаның өзге алпауыт мемлекеттері күш біріктіре бастады [18]. 
1904-1909 жылдар аралығында Бағдат теміржолының құрылысы баяу жүргенімен Осман империясы 
мен Германия арасындағы теміржолды салу және оны пайдалану жоспарлары бұзылған жоқ. Керісінше, 
халықаралық шиеленістер мен екі мемлекет басшыларының да теміржолдың дамуына баса назар 
аударуына мүмкіндік берді. Шетелдік компаниялардың көбісінің теміржолды салудан бас тартуының 
салдарынан қаржылық мәселелер туындап, оны шешу жөнінде Осман империясы мен Германия арасында 
үкіметаралық келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер барысында жаңа қаржы көздері іздестірілді. 
Келіссөздерді Дойче Банктің атынан Германияның халықаралық экономисті Карл Гельферих жүргізді.
Карл Гельферих 1906 жылы Стамбулға келіп, 1908 жылға дейінгі аралықта осында қалды[19]. Ол 
осман үкіметімен келіссөздер жүргізіп, Таяу шығыс, Бағдатқа дейін созылған 840 километрлік 
теміржолдың салынуы туралы келісім жасады. Бұл желі Бағдат теміржолының ең қиын бөлігі еді. 
Экономист Гельферих осман сұлтаны ІІ Абдулхамитпен және осман үкіметінің өзге да басшыларымен 
тек Бағдат теміржолының құрылысы бойынша келіссөздер жүргізіп қана қоймай, Германияның Осман 
империя-сының территорияларында белсенділігін арттыратын әр түрлі тақырыптар қозғады [20]. 
Бағдат теміржолын салу, яғни Анадолы теміржолдарын Шығыста араб провинцияларына ұзарту үшін 
басталған халықаралық дәрежедегі жоба әу бастан үлкен даулы тақырыппен басталып, ол әлем елдерінің 
назарын аударғанына көз жеткізіп отырмыз. Бағдат темір жолының географиясы, орналасуы және 
ресурстардың қол жетімділігі сол кезде құлдырауды бастан кешіп отырған Осман империясының қайта 
күшеюіне аз да болса мүмкіндік берді. Дегенмен, араб провинцияларының табиғи ресурстары бай 
болғанымен, халқының күнкөріс деңгейі төмен еді. Осман империясын әлсіз деп санаған Франция мен 
Англия оның арабтық шығысындағы провинцияларынан бас тартпады. Олар керісінше аймақта сауда-
саттық, өндіріс салаларын дамытып, монополияларын құруды жалғастырды. Ал, мұндай жағдайлар 
Осман империясының Таяу Шығыс аумағында Франция мен Англияның отаршылдық мүдделердің 
белсенді жүргізілуіне алып келді. 
Ендігі кезекте теміржолды салу мен оның құрылысы және оны пайдалану Таяу Шығыста Германия-
ның ықпалын күшейтті. Германия расында да әлемдік қуатты империяға айналды. Осылайша, Теміржол-
дың халықаралық қатынастарды дамытудың өзіндік қозғаушы күшіне айналуы маңызды болып, онда 
Германия мен Осман империясы арасындағы қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Ал басқа елдермен, 
атап айтқанда әсіресе Англиямен, Франциямен және Ресеймен қарым-қатынастар нашарлады [21]. Соны-
мен, теміржол құрылысының аясында бұл мемлекеттер арасында дипломатиялық тартыстар орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет