Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет69/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
64 
1
Дуйунуумумие –1881-1939 жылдары Осман империясында шетелдерден алынған қарызды қадағалау мақсатында 
қызмет еткен мемлекеттік орган. 1854 жылдан бастап Осман империясы Еуропа мемлекеттерінен үлкен 
көлемде қарыз алып, алайда оның империя экономикасына тигізген оң әсері жоғары болмады. Сондықтан 1881 
жылы осман сұлтаны ІІ Абдулхамиттің ұйымдастыруымен осы орган құрылып, сырттан келетін қарыздарға 
бақылау жасады.
 
құрамында болған Таяу Шығыстағы католиктердің қасиетті орындарына ғасырлар бойына 
Францияның қамқорлық ету миссиялары Германияның қолына өтіп кету қаупі болды [15, s. 175]. 
Бұл себептер Франция үшін өте маңызды болып, ол француз қоғамын Германияға қарсы қойды. 
Оның нәтижесінде Франция билігі Измир-Касаба теміржолы компаниясы мен Османлы Банкінің тығыз 
қаржылай байланыста болуына қарамастан, Париж фонд биржасының Бағдат теміржолын салуға 
облигациялар беруін тоқтатты. Алайда, француз үкіметінің Бағдат теміржолына қатысты бастаған бұл 
әрекеті саяси негізде болып, ол жүзеге асырылғанымен, Осман империясындағы француз кәсіпкерлерінің 
үлкен бөлігі Бағдат теміржолының құрылысы үшін капитал салудан бас тартпады. Франция Бағдат 
теміржолының салынуына теріс көзқараста болып, оны қолдамағанымен, теміржолды салудағы ең ірі 
шетелдік салымшылардың бір бөлігі француз банкирлері болды. Көріп отырғанымыздай, Германияның 
Осман империясымен саяси-экономикалық байланыстарының күшеюі және соның негізінде Бағдат 
теміржолын салуға қатысты Англия мен Францияда қоғамдық пікірлердің қысымы ағылшын және 
француз үкіметтерінің теміржолды салу үшін қаржы құюға көзқарастарының өзгеруіне алып келді.
Ал Ресей болса бұл жобаның қабылдануынан бастап оған кедергі келтірумен болды. Теміржолдың 
салынуы Кавказ бен Шығыс Анадолыда Осман империясы мен Германияның күшеюін қамтамасыз етеді 
деген күмәнді саясат басым болды. Тек бір ғана Францияның ара түсуімен теміржолға қатысу мүмкіндігі 
туындағанымен, уақыт өте бұл мүмкіндік те жойылды. Керісінше, Ресей болса салынатын бұл 
теміржолдың Германияның Алдыңғы Азияда енуін жеңілдетіп, аймақта Осман империясының әскери 
күші артады деп түсінді. Осының негізінде Ресей билігі аймақтағы мұндай стратегиялық қимылдардың 
алдын алу мақсатында өз одақтасы Францияға қолдау білдіруге кірісті [16].
Мұнда Ресей империясының өзінің одақтасы болған Францияның ықпалына көніп отырғаны анық. 
Жалпы, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Франция мен Ресей арасындағы 
байланыстар аса тығыз болып, ол өз кезегінде Ресей үшін де маңызды саналды. Бір жағынан Ресей өз 
ұстанымдарын да нақтылап, ол бойынша Германиямен арадағы байланыстарды реттеп алуды көздеді. 
Себебі, теміржолдың салынуы мен оның алғашқы жобаларын жүзеге асыруы кезінде Ресейге қатысты 
мәселелер де қозғалған болатын. Мысалы, 1900 жылы германдық қоғам қайраткері, осы жолдың 
салынуына еңбек сіңірген Поль Рурбах Армения мен османдық Шығыста (Месопотамия) болып, халқы аз 
немесе мүлде қоныстанбаған Солтүстік және Шығыс Анадолыда біртұтас Осман империясының халқын 
қоныстандыруды жүзеге асыру қажет деп көрсете отырып, ол үшін Бағдад теміржолы салынатын 
аудандарға халықтың көптеп қоныстандыру керек деген қорытындыға келді. 
Жол құрылысы қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз етілетіні аталып, сонымен қатар Батыс Армения 
мен Шығыста Ресей ықпалын әлсіретеді деген пікір алға тартылды. Бұл жағдай Кавказда және Иранға 
қарай ұлғайып келе жатқан Ресей үшін тығырыққа тіреуші факторлардың бірі саналды. Мұндай 
жағдайлар аймақта Ресейдің ықпалының төмен дәрежеде немесе мүлде болмау керек деген принциптерді 
алға тартты. Осыдан соң Ресей әкімшілігі Германиямен де байланыстарды реттеуге кірісіп отырды. Тіпті, 
оның теміржолға ешбір қатысы болмауы мүмкін екені де белгілі болды. Ақыры, 1911 жылы Ресей мен 
Германия арасында Потсдам келісімі жасалды, оған сәйкес Ресей өзінің Ирандағы мүддесін ойлап, Бағдат 
темір жолының жұмысына кедергі жасамауға міндеттеме алды. 
Осындай саяси келеңсіздіктердің салдарынан Бағдат теміржолын салу туралы жаңа келісімдер 
жасалып, алайда арадан біраз уақыт өткен соң, Германия Бағдат теміржолын салуды жалғыз өзі 
жалғастыруға мәжбүр болды. Осыған орай, Бағдат теміржолы желісінің 30 мыңға жуық болған акцияның 
8 мыңы Дойче Банктің, 8 мыңы Дойче банктің басшылығындағы серіктестері болған австриялық, 
итальяндық, швециялық және Осман империясы банкирлерінің, 3 мыңы осман үкіметінің және қалған 8 
мыңы француз қаржы топтарының қоластында қалды [16, s. 468]. Директорлар кеңесінің құрамында он 
бір неміс, сегіз француз, екі швед, бір итальян, бір австриялық және төрт османдық мүше болған жиырма 
жеті адам болды.
Герман баспасөзі немістердің теміржолды тек өздері-ақ салатыны жайлы жазып, өз мемлекетіне 
моральдық қолдау көрсетті. 1903 жылы 29 сәуірде «Münchener Allgemeinen Zeitung» газетінде ағылшын-
дардың теміржол салуға қатыспағанымен, бұл жағдай Германия үшін аса бір ауыр соққы болмайтыны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет