1) оңай балқитындар: Cs (28,5
0
C), Ga (29,7
0
), K(63,6
0
C), Na (97,8
0
C), Sn(231,9
0
C), Pb
(327,3
0
C)
2) қиын балқитындар: Fe (1539
0
C), Pt (1769
0
), Cr(1875
0
C), W (3380
0
C.
Түсіне қарай:
Қара: Fe, Mn, Cr
Түсті – қалған металдар.
Түсті металдар табиғатта кездесуіне байланысты:
1) сирек – жер металдар (Sc,Y, La, лантаноидтар)
2) шашыранды металдар (Ga, Jn, TI, Ge)
3) бағалы металдар (Au, Ag, Pt, Pd, Rh, Ru, Os)
4) радиоактивті металдар (Ra, Th, U, Ac актиноидтар).
Ал, бейметалдардың
физикалық қасиеттері өзгеше, қалыпты жағдайда олардың
агрегаттық күйлері әртүрлі: газ, сұйық, қатты. Олардың электр және жылу өткізгіштігі
төмен. Металл, бейметалл және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерінде
мынадай айырмашылықтар бар: біріншінің оксидтері
мен гидроксидтері негіздік
қасиетті. Ал, металдар тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш
болса, бейметалдар үшін оксидтері мен гидроксидтері қышқылдық қасиетті, ал өздері
тотығу-тотықсыздану реакцияларында негізінен тотықтырғыш болады.
Жай заттарды бұлай бөлудің өзі де шартты, өйткені оксидтері мен гидроксидтері
екідайлы қасиет көрсететін, қасиеттері жөнінен аралық орын алатын элементтер де бар.
Заттардың электр өткізгіштігі жылу өткізгіштігімен тікелей байланысты. Металдардың
кристалдық торларының түйіндеріндегі атомдар жылулық қозғалысқа түсіп, бос
электрондары жылу мен тоқты тасымалдайды.
Ал, бейметалдарда бос электрондар ондай көп емес,
сондықтан олар жартылай
өткізгіштер және диэлектриктер болып саналады.
Температура артқанда металдың электр өткізгіштігінің кемуінің себебі олардың
кристалдық торлары түйіндеріндегі металл иондары мен атомдарының жылулық
қозғалысының амплитудасы артуына байланыстырушы
электрондардың еркін
қозғалысына кедергі келтіреді. Абсолют нольге жақындағанда мынадай элементтері
үшін: Ti, Sn, Pb, Th, Ta, Nb аса өткізгіштік (Камерлинг-Оннес)тән. Металдың электр
өткізгіштігі мына қатарда кемиді: Ag, Cu, Au, Cr, Al, Mg, Na, W, Be,Ph.
Жай заттардың магниттік қасиеттері оны
құрайтын элементтердің атом
құрылысына тәуелді. Стандартты жағдайда жай заттар әртүрлі агрегаттық күйде
болады. Газ тәріздес (оттегіден басқасы)және сұйық заттар-диамагнитті. Ал қатты
күйіндегі бейметалдарда ковалентті байланыс басты орын алатындықтан магниттік
қасиеттері болмайды.
Сілтілік, сілтілік-жер металдар, d-f деңгейлері толып болмаған
(мыс, мырыш топшасының элементтерінен басқасы)
және қорғасын мен қалайы
элементтері парамагнитті.
Достарыңызбен бөлісу: