1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
 
S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың негізгі 
топшаларында орналасқан. ІА – топтың негізгі топшасындағы – литий, натрий, калий, 
рубидий, цезий және франций сілтілік металдар деп аталады, электрондық 
конфигурациясы – nS1. ІІА топтың негізгі топшасындағы кальций, стронций, барий 
және радий сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS2.
ІА – элементтерінің сыртқы электрондық қабатында бір S1-электрон ядромен әлсіз 
байланысты болатындықтан, оны беріп жіберіп, күшті тотықсыздандырғыщ қасиет 
көрсетеді: Барлық қосылыстарында иондық байланыс түзеді және тотығу дәрежелері 
тұрақты +1-ге тең болады. ІІА-элементтерінің сыртқы электрондық қабаттарында 
жұптасқан екі S-электрон болады (nS2), қоздырғанда бір электрон басқа р-орбитальға 
ауысып, тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сілтілік жерметалдар да күшті 
тотықсыздындырғыштар, бірақ сілтілік еталдарға қарағанда активтіктері төмен, 
радустары кіші және иондану энергиялары жоғары. Жоғарыдан төмен қарай топ 
бойынша сілтілік және жер сілтілік металдаожың негіздік, тотықсыздандырғыш 
қасиеттері артады. Сілтілік және жерсілтілік металдар активті болғандықтан жер 
қыртысында тек қосылыс түрінде кездеседі.Натрий, калий, магний және кальций 
хлормен бірге ағзаның электролиттік фонын құрайды;кейбір ферменттердің 
активаторлары болып табылады; кальций сүйек ұлпасының бейорганикалық 
заттарының құрамына кіреді, қанның ұю процесіне қатысады, бұлшық еттің 
жиырылуында маңызды роль атқарады. Медицинада S-элементтер кеңінен 
қолданылады. 


Оттегінің биологиялық ролі. Озон мен оттегін медицинада қолдану, озонның 
табиғаттағы ролі. Озон мен сутегінің асқын тотығының бактерицидтік әсері. 
Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз 
балдырларында жүретін үдеріс. 
6СO
2
+ 6Н
2
O → С
6
Н
12
O
6
+ 6O
2
↑ 
Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы 
минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну 
үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•10
15
т, оның 1•10
10
тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция 
(даму) үшін маңызды үдерістер. Оттек медицинада тыныс алуы нашарлаған, уланғаг 
адамдарға дем алдыру, жер астында, су астында жұмыс істегенде, өте биікке ұшқанда 
тыныс алу үшін қолданылады, оттекті әр түрлі ауруларға қарсы емдік мақсатта қолдану. 
Тыныс алу және қан айналу жүйелері бұзылғанда, түрлі газдармен уланғанда, естен 
танып қалғанда, өкпеде ісік пайда болған жағдайда және ауыр хирургиялық 
операциядан кейін қолданылады. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына 
шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік 
алқаптарына зақым келтіреді. Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар 
салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды 
әсерлер көп. Озон қабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда болды. Бұл 
дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп төнгендігін 
білдіреді. Озон қабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді.сутегінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет