•
2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу
арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.
•
3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал
электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі
Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.
Атомның ионға айналу мүмкіншілігі оның иондану энергиясы мен электрон
тартқыштығының шамаларына тәуелді. Катиондарды
иондану энергиясының шамасы
аз болып келетін І және ІІ топтарда орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар оңай
түзеді. Ал аниондарды электрон тартқыштығы жоғары галогендер оңай түзеді. Демек,
галогендер сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде ионды қосылыстар
береді. Жалпы ионды қосылыстардың саны онша көп емес. Жоғарыда аталып кеткен
сілтілік және сілтілік-жер металдардың галогенидтерінен басқа ионды қосылыстарға
олардың оксидтері, сульфидтері және оттекті қышқылдармен беретін тұздары жатады.
Кристалдық тор –
кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың
белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор
бір-біріне тығыз орналасқан
параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар
кристалдық тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар
орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал
олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш
түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш
бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық
тордың параметрлері болып табылады. Кристалдық тордың өлшемдері,
атомдары мен
молекулалардың орналасуы рентгенография, электронография, нейтронография
көмегімен анықталады. Кристалдық тор статистикалық
тұрғыдан тұрақсыз болады,
атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп
тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал
балқу температурасына
жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.
•
Брав торлары
Түрлері
Кез келген затты қатты күйіне айналдыруға болады. Ал қатты заттар кристалдық
торларының болуымен сипатталады.
Кристалдық торлар деп - түйіндеріндегі
бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды
айтамыз. Егер заттың құрамында құрылыс
бірліктері ретсіз орналасса, зат аморфты
болады. Кристалдық торлар түйіндеріндегі бөлшектердің табиғатына қарай жіктеледі.
Олардың төрт түрі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: