«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Нұсқаулық НИШ

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір 
тәртіппен жүргізіледі.
Модерацияға дейін:
• 
білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою 
кестесіне сәйкес бағалайды;
• 
жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, 
минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• 
жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын 
модерацияға дайындайды.
Модерация кезінде: 
• 
білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен 
талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына 
көз жеткізеді; 
• 
қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне 
өзгерістер енгізеді;
• 
отырыс хаттамасына қол қояды. 
Модерациядан кейін: 
• 
модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім 
алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай 
жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың 
өзгеруі де мүмкін; 
• 
білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады; 
• 
соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: 
ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы 
(конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып 
табылады. 
37 



БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық 
жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу 
журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық 
журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және 
тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда 
оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар 
туралы ақпараттарды көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға 
тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. (9-кесте). 
9-
кесте. Нәтижелерді тіркеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет