8-
кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты
Деңгейлер Тапсырманы
орындау
пайызы
Сипаты
Төмен
деңгей
0%-39%
•
Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым
білімін және түсінігін көрсетеді
•
қарапайым
тапсырмаларды
орындайды
және
тікелей
нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
•
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер
және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды
•
қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
Орта
деңгей
40%-84%
•
пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін
және білімін көрсетеді
•
әдеттегі тапсырмаларды орындайды,
таныс және кейбір таныс
емес жағдайларда білімін орынды қолданады
•
ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып,
қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер
келтіреді
•
әдеттегі
тапсырмалар
үлгілерін
ажыратады,
шешудің
стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
•
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу
бағдарламасының басқа
өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын
кіріктіреді
Жоғары
деңгей
85%-100%
•
пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін
және түсінгенін көрсетеді
•
қиын тапсырмаларды
орындайды және кең өрістегі
жағдайларда білімін орынды қолданады
•
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және
толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған
нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді
•
қиын
тапсырмалар
үлгілерін
ажыратады,
шешудің
альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және
қолданады
•
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін
оқу бағдарламасының
басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі
стратегияларды
қолданады,
алынған
нәтижелердің
маңыздылығын және негізділігін бағалайды
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалауда орындалған
жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі
білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың
оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім
алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз
бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру
ұсынылады (6-қосымша). Рубрика бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша
жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий
аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім/ортақ
тақырыптар
31
бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру
кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі
көрсетілген рубриканы ұсынуға болады. Рубрика үлгісі 7-суретте
көрсетілген.
7-
сурет. Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша
рубрика үлгісі
Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік
ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: