2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет105/174
Дата29.09.2022
өлшемі3.39 Mb.
#461620
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   174
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Көбею» бөлімшесіне өзгерістер енгізілді: 
1. «Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы. Жыныстық 
жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, 
гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары» тақырыптары жаңа редакцияда: 
«Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған 
иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу 
шаралары» деп берілген. 
2. «Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу» оқу 
мақсаты алынып тасталды. 
3. «Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу» зертханалық 
жұмысы алынып тасталды.
«Биология» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 
жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.  
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған 
мазмұндағы барлық бөлімдер толығымен сақталған, айырмашылық бөлімшелер 
бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Кейбір оқу мақсаттары 
біріктіріліп, берілсе, кейбір мақсаттар қысқартылып берілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы (аптасына 2 сағат оқу 
жүктемесімен) 10 – сынып бойынша оқу бағдарламасында 3 зертханалық 
жұмыс, 4 модельдеу сабақтары берілген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11 – сыныптарға арналған «Биология» пәнінің биылғы оқу жылындағы оқу 
бағдарламасында (аптасына 1 сағат оқу жүктемесімен) 2017 жылы бекітілген оқу 
бағдарламасының мазмұны толық сақталды. Мұнда да кейбір оқу мақсаттары 
мен зертханалық жұмыстар қысқартылды. 11-сыныпта 3 зертханалық жұмыс, 1 
модельдеу сабағы берілген.
4.
 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
 «Биология» пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта 


193 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің 
үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 
Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша білім алушыларға 
тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. (9-тармақпен 
толықтырылды. Жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022ж №193 
бұйрығы)
БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық 
емес болуы керек.. (14-2-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда – ҚР Білім және 
ғылым министрінің 12.05.2022ж №193бұйрығы)

«Биология» оқу пәнінен бөлімдер бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
қарастырылған. 16.2-16.3-кестелерде бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
берілген.
16.2-кесте. «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша БЖБ саны
Сынып 
БЖБ саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 















ЖМБ 10 




ҚГБ 10 

1
1
1
ЖМБ 11 




ҚГБ 11 

1
1
1
16.3-кесте. Төмендетілген оқу жүктемесі бойынша
БЖБ саны 
Сынып 
БЖБ саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 















ЖМБ 10 




ҚГБ 10 




ЖМБ 11 




ҚГБ 11 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет