176
- «5.5. Энергия және қозғалыс», «5.5.1. Энергия түрлері мен көздері»,
«5.5.2. Қозғалыс» бөлімшелері.
6-сыныпта:
- «6.1 Ғылым әлемі», «6.1.5. Деректерді талдау» бөлімшесі;
- «6.2. Жер. Ғалам. Адам», «6.2.5. Жер бетін бейнелеу тәсілдері» бөлімшесі;
- «6.4. Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер», «6.4.1. Өлі табиғаттағы
үдерістер», «6.4.2. Тірі табиғаттағы үдерістер» бөлімшесі;
- «6.5. Энергия және қозғалыс», «6.5.1. Энергия түрлері мен көздері»,
«6.5.2. Қозғалыс» бөлімшелері;
- «6.6. Экология және тұрақты даму», «6.6.2.
Тірі ағзалардың сан
алуандығы» бөлімшесі.
6.Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» аясында 6-сыныптағы
«Экологиялық мәдениет» курсының оқытуды «Жаратылыстану» пәнінің оқу
мақсаттарымен кіріктіруге болады. Оқу бағдарламасы бойынша «Экология және
тұрақты даму» тарауындағы «Экожүйелер», «Тірі ағзалардың саналуандылығы»,
«Табиғатты қорғау» бөлімшелерінің оқу мақсаттарын «Экологиялық мәдениет»
вариативтік курсының мақсаттарымен кіріктіруге мүмкіндіктер бар.
7.Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
тақырыптар
«Жаратылыстану» оқу пәні мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігінде
қарастырылуға мына тақырыптар ұсынылады:
1. Білім алушылардың тәжірибелік зерттеу дағдыларының қалыптасуы мен
дамуы бойынша мониторинг;
2. «Жаратылыстану» пәні бойынша кіріктіріп оқытудың әдіс-тәсілдерін
жетілдіру;
3. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
4. Пәндік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;
5. «Жаратылыстану» пәнін оқыту сапасы;
6. «Жаратылыстану»
пәні
бойынша
зерттеушілік
жұмыстарды
ұйымдастыру;
7. Білім алушыларды «Жаратылыстану» пәні бойынша сайыстарға,
конкурстарға дайындау және т.б.
8. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
«Жаратылыстану» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
ерекшеліктері бастауыш сыныптағы «Адам - Табиғат - Қоғам» тарауларындағы
алған білімдерінің негізінде қоршаған орта түсінігін, экологиялық мәдениетті
қалыптастыруға болады. Табиғаттағы құбылыстарды, үрдістерді жаратылыстану
ғылымдар бағытында қарастыратын маңызды пәннің бірі.
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда білім алушылардың жоғары сыныптарда
оқытылатын «Химия», «Физика», «Биология» пәндері туралы түсінігі
қалыптасады.
177
Білім алушының бойында жер, қоршаған орта,
табиғат туралы, оның
алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен
«адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтар
меңгерілген жағдайда жаратылыстану ғылыми көзқарасы бар тұлға
қалыптасады.
Пәннің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетуге
болады: оқу материал мазмұнын іріктеу;
сабақ құрылымын жетілдіру; қарым-
қатынасты ұйымдастыру.
Жаратылыстану пәнінің тақырыптары арқылы ұлттық құндылықтар
аясында патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылады.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға құндылықтар арқылы тәрбие беруді
қалыптастырудағы
өлкетану
компонентті
қосымша
қамту
негізінде
жаратылыстану пәні география, биология пәндерімен тығыз байланысты.
Білім алушыларды болашақ мамандығын және әлеуметтік рөлін таңдауға
көмектеседі және олардың жалпы мәдениетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: