А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет38/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165
Маркетинг (1)

4.2. Ақпарат іздеу
Тітіркенген тұтынушы қосымша ақпаратты іздеумен айналысады 
немесе айналыспауы да мүмкін. Егер түрткі — күшті, ал тауар 
көңілінен шықса жəне оны жеңіл сатып алуға болса, тұтынушы 
сатып алады. Егер керісінше жағдай орын алса, мұқтаждық 
тұтынушының санасында ғана қалып қоюы мүмкін. Осы жағдайда 
тұтынушы ақпаратты іздеуді тоқтатады немесе ақпаратты аз 
іздейді, яки іздеумен белсенді түрде айналысады. 
Тұтынушы ақпаратты іздеу барысында келесі дереккөздерге 
жүгіне алады:
— жеке дереккөздер (отбасы, достар, көршілер, таныстар);
— коммерциялық дереккөздер (жарнама, сатушылар, дилерлер, 
орауыш, көрмелер);
— жалпыға қолжетімді дереккөздер (бұқаралық ақпарат құрал-
дары, тұтынушыларды зерттеумен жəне жіктеумен айналысатын 
ұйымдар);
— эмпирикалық тəжірибесі бар дереккөздер (түсіну, зерттеу, 
тауарды пайдалану).
Бұл ақпарат дереккөздерінің салыстырмалы түрдегі ықпалы 
тауардың санатына жəне тұтынушының мінездемесіне байланысты 
өзгеріп отырады. Жалпы, тұтынушы тауар туралы ақпараттың 
басым бөлігін коммерциялық дереккөздерден, яғни нарық 
қызметкерінің күшті ықпалында болатын дереккөздерден алады. 
Ал ең тиімдісі жеке дереккөздер болып табылады. Дереккөздердің 
əрбір түрі сатып алу туралы шешім қабылдауға əртүрлі əсер 
етеді. Коммерциялық дереккөздер əдетте хабарлайды, ал жеке 
дереккөздер ақпаратты заңдастырады немесе оған баға береді. 
Ақпаратты жинаудың нəтижесінде тұтынушының нарықтағы 
маркалар мен олардың қасиеттері туралы хабардар болуы артады. 
Мысалы, Бетти ақпаратты жинағанға дейін тұтынушыларға қол-
жетімді фотоаппараттардың толық жинағынан фотокамераның 
бірнеше маркасын ғана білетін (4.2.1. суретте көрсетілген сол 
жақтағы шеткі тікбұрышты қара).
Мəселені
түсіну
Ақпаратты
іздеу
Нұсқаларды
бағалау
Сатып алу
туралы шешім
Сатып алуға
қатысты 
реакция


64
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет