159
мүмкiн. Бiрақ ол рухтың иесi тек адам сияқты болуы тiптi қажеттi
емес. Бiрақ адам оны өзiне ұқсатып көргiсi келедi... Ал бiзге ең жақын
орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелiк жыл екенiн ескер-
сек (яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5
жыл ұшу
қажет!!!) және А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясына сай ондай
жылдамдықтың шеңберiнде заттың салмағы күрт өсiп, кеңiстiктегi
алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда қайсыбiр тiршiлiк түрi
мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзiмiз жетедi. Сөйтіп,
ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тәрелке мифiнiң» орынсыз екенiн көруге
болады. Мiне, бұл – Ф.Бэконның айтқан тектiк идолдарының бүгiнгi
таңдағы бiр көрiнiсi ғана.
Екiншi елес – ол
үңгiр идолы (idola specus). «Әрбiр адам белгiлi бiр
отбасында, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп, тәрбиеленедi, ересек адамға
айналады. Бiреу – адам түгiл, Құдай да ұмытқан ауылда, екiншiсі –
аудан
орталығында, үшiншiсі астанада, ия болмаса үлкен қалада
туып, тәрбиеленедi. Бiреу кедей, екiншi ауқатты отбасында өсiп-өнедi,
көбiнесе соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер
ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей
қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған «үңгiрден» дүниеге қарайды,
ал оның өзi «табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды», – дейдi ұлы
ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжiрибенi
жалпыхалықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ.
Үшiншi –
алаң, ия
болмаса базар елестерi (idola fori). «Олар
қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар
көзi – зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу.
Ал шынына келсек, сөз – затқа қойылған ат қана. Сөз көбiне заттың
не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi», – дейдi
ұлы ойшыл. Егер сөздi затқа теңесек, онда көбiне бiз «жалған даналық»
жолына түсiп кетемiз. Бұл елеске берген сыннан бiз Ф.Бэконның
схоластикалық философияға қарсы бағытталған көзқарасын болжай-
мыз.
Төртiншi, соңғы елес – ол
театрлар идолы (idola theatri).
Олардың
дүниеге келу себебi – тарихтағы өмiр сүрген даналарға, ұлы тұлға-
ларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми
тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат» ретiнде түсiну.
Мысалы, белгiлi бiр мәселе бойынша: «Аристотель былай деп айтқан,
ал сiз Аристотельден де ақылдысыз ба?» –
деген дау-дамайдан сол
адамның «театр елесiнiң» шеңберiнде екенiн байқаймыз. «Ақиқат
беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», – деп қорытады
Ф.Бэкон. Жуықта ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негiзгi елесi
осы «театр елесi» болды емес пе? Тек беделдiлердiң аттары ғана
өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды.
160
Бүгiнгi таңдағы қоғамды демократизациялау, көппiкiрлiк принципке
көшу бұл елестiң өмiрден кетуiнің себебіне айналып отыр.
Сөйтіп, жоғарыда көрсетiлген идолдар қандай күштi
болғанмен,
ғылым жолына түскен адам өзiнiң ақыл-ойын, дүниетанымын олардан
тазарту керектігін айтады ұлы ойшыл. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: