162
Ал жер бетiнде өмiр сүрiп
жатқан тiршiлiкке келгенде, Р.Декарт
бұрынғы философиядағы гилозоистiк көзқарастардан бас тартады. Өз
заманында Аристотельдiң болжаған өсiмдiк пен сезiмдiк жандарын
Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдiң ашқан
қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмiрлiк
мүшесi – ол оның жүрегi деген пiкiрге келедi. Ол
ғылымда алғашқы
болып, жануарлардың
сыртқы әсерге жасайтын iшкi реакциясының
механизмiн ашты. Оның ойынша, сыртқы әсердi миға жеткiзетiн –
артериялар iшiнде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектерi. Әрине, бүгiнгi
физиология ғылымының тұрғысынан, мұндай пiкiрдi тұрпайы деп
бағалауға болар едi. Бiрақ шартсыз
рефлекстiң алғашқы болжамын
жасаған Р.Декарт екенi даусыз. Сонымен, егер жануарлардың жан-
дүниесi болмаса, онда олар – өте күрделi машиналар.
Адам дене ретiнде жануар әлемiне жақын, сонда оның да машина
болуы туралы заңды сұрақ ойға келедi. Оған Р.Декарт үзiлдi-кесiлдi
терiс жауап бередi. Бiрiншiден, адам мақсатқа лайықты iс-әрекет жасай
алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесiмдi
жауап
бере алады, өйткенi ол ақыл-ой елегiнен барлығын өткiзiп,
шешiмiн табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесi – жан-жақты құрал», –
дейдi Р.Декарт. Адамның екiншi ерекшелiгi – ол сөйлей алатын пенде.
Олай болса, адамның басқа тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы – оның
рухында.
Достарыңызбен бөлісу: