Серік Мырзалы философия оқу құралы


Мемлекет пен қоғам мәселелерi



Pdf көрінісі
бет114/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   422
Мемлекет пен қоғам мәселелерi
Сонау көне заманнан берi қоғам мен мемлекет мәселелерiне келген 
кезде, ойшылдар оны, негiзiнен, екi қарама-қарсы тұрғыдан қарады. 
Бiреулер қоғамдық пен мемлекеттiлiктiң басымдылығын (мысалы, 
Аристотель, кеңес заманындағы идеология), екiншiлер жеке адамның 
мемлекет пен қоғам алдындағы бiрiншiлiгiн (атомистер, қазiргi өтпелi 
дәуiрдегi кейбiр реформаторлар) көрсеттi. Т.Гоббсты бұл аталған екi 
бағыттың қайсысына жатқызамыз? Әрине, екiншi бағытқа, өйткенi 
ол өзiнiң iлiмiнде мемлекеттiлiктi адамның өзiмшiл табиғатынан 
шығарады. Әрбiр адам ең алдымен өз мүддесiн алға қояды, олай болса, 
жалқылық, жекелiк – бiрiншi, ал қоғамдық, мемлекеттiлiк – екiншi 
орында.
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзiнiң тарихында екi сатыдан өтедi. 
Олар – мемлекеттiкке дейiнгi табиғи (status naturalis) және мемлекеттiк 
(status civilis) саты.
Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жеке меншiк те, мораль да 
әлi жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол – адамның керек 
қылатын нәрселерiнiң бәрiне деген құқы. Өзiнiң өмiрiн сақтап қалу 
жолында адам қандай iс-әрекет жасаса да, шектелген жоқ. Сондықтан 
мұндай жағдайда әр адам өмiрге керек құндылықтарды өзiне 
тартқаннан кейiн, «бәрiнiң бәрiне қарсы соғысы» (bella omnia contra 
omnies) басталады. Адамдар бiр-бiрiне қасқыр сияқты (homo homini 
lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өз-өздерiн құрту 
қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттiк деңгейге көшу 
қажеттiгi пайда болады.
Сондықтан адамдар өздерiнiң кейбiр құқыларынан ерiктi түрде бас 
тартып, оларды күштi орталандырылған билiкке бередi. Сөйтіп, осын-
дай қоғамдық шарттың негiзiнде мемлекет дүниеге келедi.


168
Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тiлсiз іске аспас едi. 
«Тiлсiз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбiтшiлiк те болмас едi».
Адамдардың мемлекеттiкке өтуiнде олардың табиғатында бар заң 
(lex naturalis) үлкен рөл атқарады. Ол заң – «өзiңе тiлемейтiндi басқаға 
да жасама». Оны бiз моральдың «алтын ережесi» деймiз.
Екiншiден, әрбiр адам өлiмнен қорқады, сондықтан ол бейбiт 
өмiрдiң қажеттiгiн сезiнедi, ал мұның бәрi оны мемлекеттiлiкке қарай 
итермелейдi.
Мемлекетке шарттық негiзде өз еркiмен берiлген адамдардың 
құқықтары ендi қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын 
бұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен қатар Т.Гоббс – құқық 
пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бiр 
жағынан, мемлекетте заңдылық, тәртiп болуы керек. Екiншi жағынан
заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қарым-қатынастарды 
ретке келтiруге тырысса, онда адамдардың белсендiлiгiне нұқсан 
келедi. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнiң болуын болжаған секiлдi. 
Сондықтан заңдар ақыл-ой елегiнен өткен қажеттi қатынастарды ғана 
ретке келтiруге тиiс.
Әрине, мемлекеттiң дүниеге келу мәселесi – өте күрделi құбылыс. Ол 
жөнiнде әртүрлi болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған «конвенциялық» 
(шарттық) тұжырымы, әрине, бұл мәселенiң мәндi бiр жағын ғана 
көрсетедi. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбiр мемлекеттi шарттық негiзде 
өмiр сүредi деп айтуға әбден болады. Бiздiң жас мемлекет те өзiнiң 
екiншi «Ата заңын» (Конституциясын) 1995 ж. Бүкiлхалықтық рефе-
рендумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзiн белгiлi шарт деп, әрине, 
айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет