Джозеф Пристли (1733-1804 жж.) – ағылшын философы, Девен-
три деген жердегi Рухани академияда бiлiм алған, жаратылыстану
ғылымдарын зерттеген. Фотосинтездi ашқан, аммиакты жасап, оттегiн
ашқан адам. Негiзгi философиялық еңбегi «Материя мен рухты зерт-
теу жөнiнде».
Бұл еңбегiнде Д.Пристли: «Материя дегенiмiз – ол созылатын
қасиетi, тарту мен итеру күштерi бар субстанция», – деген анықтама
бередi. Материя енжар (inert) емес, ол – неше түрлi күштерге толы
субстанция. Егер сiз материяның тарту және итеру күштерiн алып
тастасаңыз, онда материя да жоғалады. Д.Пристли ғылымда ұстаған
материяның өткiзбейтiн қасиетi бар зат деген пiкiрге қарсы шығып,
заттар бiрiн-бiрi өзара өткiзедi деген пiкiрге келедi. Ол осы тұжырым
арқылы материяның сезiмi мен ойлау қасиеттерiнiң бар екенiн
дәлелдегiсi келдi.
«Менiң ойымша, – дейдi Д.Пристли, – адам құрамы жағынан
бiртектi, ал оның қабылдау қасиетi мен басқа да қабiлеттерi мидың
құрылымымен тығыз байланысты». Яғни адамның табиғатында бiр-
бiрiне тәуелсiз қарсы жатқан нәрсе жоқ – адам толығынан материалдық
дене. «Адамның мүшелерiнсiз, жүйкесі мен миынсыз бiзде сезiм де,
идеялар да пайда болмас едi», – деп қорытады Д.Пристли.
Ойшылдың әлеуметтiк-саяси көзқарастарына келер болсақ, ол
адамдардың саяси және азаматтық бостандықтарын қорғайды. Оның
ойынша, «ең жетiлген саяси бостандықтар болған жерде, барлық қоғам
мүшелерiнiң саяси құқықтары тең болады». Ал мемлекеттiң лауазымды
қызметтерiне адамның тегi мен байлығына қарай қойған қоғамда
ешқандай саяси бостандық жоқ. Барлық азаматтық билiктiң қайнар көзi
халықта болуы керек.
Ал ендi азаматтық құқықтарға келер болсақ, ол әр адамның өзiнiң
қалауынша iс-әрекет жасау құқы, оған мемлекеттiң лауазымды иелерi
ешқандай қол сұқпауы керек. Мемлекет билiгiне келер болсақ, оның
негiзгi мақсаты – әрбiр адамның меншiкке, өзiнiң қауіпсiздiгiне,
бақытты өмiр сүруiне деген құқықтарын қамтамасыз ету.
Саяси бостандық пен азаматтық бостандық өте тығыз байланысты.
Бұл диалектикалық өзара байланыста саяси бостандық шешушi рөл
атқарады. Егер саяси бостандық болмаса, онда халық өзiнiң азаматтық
бостандығын дұрыс қорғай алмайды. Саяси бостандық көбiрек болса,
онда азаматтық бостандық та күштiрек болады.
Адамдардың өмiрге, ерiктiкке, меншiкке деген табиғи құқықтарын
сақтау үшiн, олар мемлекет құруға келiседi. Ал бiрақ жасалған
шарттың қағидалары бұзылса, «халық ол шарттан бас тартып, жаңа
тәртiп орнатуға құқы бар» деген Д.Пристлидiң ойы оның демократия-
шыл қайраткер екенiн көрсетедi.
187
Достарыңызбен бөлісу: |