188
Күндердiң бiр күнiнде
барлық аралар моральдық жолға, iзгiлiкке
бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерiстер пайда бола
бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетiп, ұя бiрте-бiрте әлсiреп,
соңында құриды.
Бұл ертегiден шығарған Б.Мандевильдiң қорытындысы: бiр
жағынан, жақсы өмiр сүрiп, екiншi жағынан, адал болу мүмкiн емес.
Оның негiзгi себебi – адам өзiнiң терең табиғатына сәйкес өзiмшiл, тек
өзiне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Мандевиль тарихта
бiрiншi болып айтып отырған жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай
пiкiрде болған. Бiрақ, оның ойынша,
адамның моральдық тұрғыдағы
терiс жақтары қоғамның өмiр сүруiне кедергi емес, керiсiнше, оны
күшейтiп бiрiктiредi. «Бiздiң бұл дүниедегi зұлымдық дегенiмiз,
моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, – ұлы
принцип, соның арқасында бiз әлеуметтiк пенделермiз, егер зұлымдық
күндердiң бiр күнiнде жойылса, онда қоғам күйреп, тiптi ыдырап кетуi
мүмкiн», – деп қорытады Б.Мандевиль.
Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар көзiн адамның табиғатынан
шығарса, Б.Мандевиль, керiсiнше, «мораль –
қоғамның туындысы, ал
моральдық құндылықтарды тудырған – ұлы тұлғалар» деген пiкiрге
келедi. Олар адамдарды өздерiнiң құштарлықтарына тосқауыл қоюға,
қоғамдық жалпы мүдделердi биiк дәрежеде ұстауға үйреттi.
«Моральдық құндылықтардың пайда болуы туралы зерттеу» деген
еңбегiнде Б.Мандевиль қоғамға әлдебiр зұлымдықтың қажеттiгi мен
пайдалылығынан гөрi, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнiн баса айтып,
моральдың пайда болуының қайнар көзiн содан көредi. Әрине, оның
мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзiнiң
зор әсерiн тигiзiп, әртүрлi пiкiрлердi туғызды.
ХVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистiк және
материалистiк бағытына қарсы шығып, идеализм жолын қорғаған епи-
скоп
Джордж Беркли (1681-1753 жж.) болды. Ол өзiнiң философиясын
«Дүниедегi барлық өмiр сүруші – жалқы» деген қағидадан бастайды.
Ал жалпы дегенiмiз – ол жалқының нақты қорытылған бейнесi ғана.
Дерексіз жалпы ұғымдар сөздердiң негiзiнде жатқан жалпы идеяларды
көрсетедi деген
жалған пiкiрдi басшылыққа алып, көп философтар,
ойшылдар алданады. Ал, шындығында, сөз жалпы идеялардың белгiсi
емес, керiсiнше, көп нақтылы заттардың белгiсi. Осындай қағиданың
негiзiнде Д.Беркли дерексіз жалпы ұғымдардың керек еместiгiн, әсiресе
философиядағы материя ұғымының зияндығын, неше түрлi дау-дамай-
ларды туғызатынын көрсеткiсi келедi.
Д.Берклидiң философияда жасаған екiншi қадамы – Дж.Локтың
бiрiншi және екiншi сапалар деген iлiмiн сынап, таным үдерісінде адам
189
тек қана өзiнiң түйсiктерiнiң әртүрлi қосындыларымен кездеседi деген
пiкiрге келуi. Яғни Д.Беркли зерттелiп жатқан заттардың қасиеттерiн
адамның түйсiктерiмен теңедi. Мысалы, шиенi алсақ, ол қоңыр-қызыл
түстi, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәттi. Осы түйсiктердiң
бәрiн алып
тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», – деп жауап бередi
Д.Беркли. «Шынына келгенде, нысан мен түйсiк – бiр және оларды бiр-
бiрiнен ажыратуға болмайды», – дейдi ойшыл.
Мұндай көзқарас философияда
солипсизмге (solus – латын сөзi,
«жалғыз өзiм» деген мағына бередi) әкеледi: яғни дүниеде мен ғана
өмiр сүрiп жатырмын, ал бүкiл әлем, басқа заттар мен адамдар менiң
түйсiктерiмнiң әртүрлi қосындылары ғана деген пiкiр тудырады.
Мұндай ерсi пiкiрден аулақ болу үшiн, Д.Беркли: «Дүниенiң өмiр
сүруiн мойындаудың негiзi жеке адамның санасында ғана емес, соны-
мен қатар басқа адамдардың да дүниенi қабылдауымен байланысты», –
деген пiкiрге келедi.
Ал көп адамдардың дүниедегi белгiлi
бiр заттар жөнiндегi ортақ
пiкiрi, олар жөнiндегi ортақ пiкiрлерi, бiр-бiреуiмен келiсiмi Құдайдың
құдiреттi күшiнде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында
тек қана жалқыны мойындап, материалистiк көзқарастан бастап,
келесi сатыда субъективтiк идеализмге жетіп, соңында теологиялық
көзқарасқа келiп тiреледi.
Достарыңызбен бөлісу: