190
философияның негiзгi мақсаты – түйсiктердiң өзара байланыстары
арқылы берiлетiн идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.
Демек, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар –
әділетті өмiр сүрiп жатқан «мән», я болмаса тәжiрибеге дейiн берiлген
«идея» (apriori) емес,
өзiнiң эмпириялық, яғни тәжiрибеден шығатын
мазмұны бар байланыстар. Мысалы, таныс адамның суретi өзiнiң
ұқсастығымен ол жөнiндегi бiздiң идеяларымызды оятуы мүмкiн.
Екiншiден, ол – кеңiстiк пен уақыттың
шеңберiндегi қатар пайда
болатын байланыстар. Мысалы, егер үйден бiрнеше шақырым ғана
алшақта болсақ, жақындарың жөнiндегi байланыстар мыңдаған
шақырым алшақтықтан гөрi анағұрлым айқын.
Үшiншiден, танымдағы көп кездесетiн
байланыстар себептiлiкке
негiзделген. Себептiк, Д.Юмның ойынша, дүниедегi заттардың
арасындағы қарым-қатынастан пайда болады.
Себептiк iс-әрекеттен
алда болуы қажет. Бiрақ ол себептiктiң iс-әрекеттi тудыратынын
мойындамайды, оны бiз дәлелдей алмаймыз. Сонымен, Д.Юмның
ойынша, себептiк – тек қана бiрiнiң артынан бiрi келетiн сезiмдiк
әсерлер, алдыңғысын бiз себеп, соңғысын iс-қимыл деймiз.
– Осылайша қоғамның моральдық саласына да қарауға болады. Ол
да күнделiктi өмiрде қалыптасатын байланыстарға негiзделедi.
Солар
арқылы бiз жанымыздағы адамдардың жан дүниесiн сезiнiп, оның
қайғысын, я болмаса қуанышын бөлiсемiз, – дейдi ағылшын ойшылы.
Достарыңызбен бөлісу: