Серік Мырзалы философия оқу құралы


Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол  Құдайшылдықтың бiрiншi сатысы



Pdf көрінісі
бет195/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   422
Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол 
Құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана.
Өйткенi адамның сыртқы iс-әрекеттерi мен оның iшкi пиғылы
ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн. Құдайлыққа өтудiң 
екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар бол-
мауы үшiн iс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың алдындағы 
ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерiлуi қажет. Ол үшiн адам өзiндiк 
сана-сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының Құдiреттi 
күштерiне бейiмдеуi қажет, бұл – адамның екiншi сатыдан – Тари-
қаттан өтуiмен тең.
Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да 
қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар тек қана 
Құранның аяттарын, шариаттың қағидаларын түсiндiрiп қана қоймай 
дiндi философиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша, 
Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол 
Құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана.
Өйткенi адамның сыртқы iс-әрекеттерi мен оның iшкi пиғылы, 
ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн. Құдайлыққа өтудiң 
екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар бол-
мауы үшiн iс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың алдындағы 
ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерiлуi қажет. Ол үшiн адам өзiндiк 


281
сана сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының Құдiреттi 
күштерiне бейiмдеуi қажет – бұл адамның екiншi сатыдан – Тариқаттан 
өтуiмен тең.
Үшінші Мағрифат сатысында адам дүние, болмыс, тіршілік жөнінде 
терең тебіреніп, ізденісте болып, олардың бәрінің негізі «бір Аллада» 
екеніне көзі жетуі керек.
Сонда ғана адам Құдайға, яғни төртінші саты – Ақиқатқа 
көтерiлiп, Алла тағаланы жүрекпен сезiнiп, онымен қауышады. Алайда 
бұл – сиқырлық, мистикалық қиын жол, ол адамның Құдайды iздеудiң 
жолында күндiз-түнi құлшылық етiп, өне бойы рухани iзденiсте болуын 
талап етедi. Сонда ғана оның iшкi көкейкөзi (интуиция) ашылып, аян 
арқылы ол Алла тағаламен сұхбаттаса алады.
Мiне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнектi 
өкiлi ретiнде Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 жж.) бабамызды айтуға 
болады. Ол халықтың дiлiнде аса ұлы дiни қайраткер ретiнде осы 
уақытқа дейiн сақталған: «Меккеде – Мұхаммед, Түркiстанда – Қожа 
Ахмет!» – деген сөздердiң өзi оны бiзге ашық көрсетедi. Осы уақытқа 
шейiн жеткен негiзгi еңбегi – «Диуани Хикмет» (Даналық кiтабы). Бұл 
еңбектi, негiзiнен, адамның рухани даму жолын жарқырытып көрсетiп 
тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады.
Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негiзгi мәселе – ол адам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет