Серік Мырзалы философия оқу құралы


болмысы, ал оның өзiнiң екi жағы бар. Бiрiншiден, адам – дене



Pdf көрінісі
бет196/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   422
болмысы, ал оның өзiнiң екi жағы бар. Бiрiншiден, адам – дене, оның 
қажеттiліктерi өтелмей өмiр сүру мүмкiн емес; екiншiден, адам – рух
ол – оның басқа тiршiлiктермен салыстырғандағы негiзгi ерекшелiгi
баға жетпейтiн үлкен қасиетi. Бұл арада Қ.А.Яссауи адамның терең 
мәнiн үзiлдi-кесiлдi оның рухани тұңғиығынан iздейдi. Бұл көзқарас 
ХХ ғ. өмiр сүрген немiс ойшылы К.Ясперстiң «нағыз адамның өмiр 
сүру ахуалы – рухани ахуал» деген сөзiмен үндеседi. Өзiнiң жас 
кезiндегi пендешiлiктiң шырмауында болғанын жасырмай сынай келiп, 
ұлы ойшыл былай дейдi:
«Жиырма тоғыз жасқа кiрдiм, халiм харап,
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.
Халiм харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап, 
Сол себептен хаққа сиынып келдiм, мiне».
Пендешiлiктiң (байлыққа, билiкке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с.) 
жолында адам өз өмiрiнiң мәнiн ашып, адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап 
қалуы мүмкiн емес: ол жалған жолға түседi.
«Нәпсiге сен ерiк берсең, не тiлемес,
Еңiресең де Алла саған мойын бұрмас.
Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...» – дейдi ұлы ойшыл.
Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы – пендешiлiктен арылу
нәпсiнi тыю. Ойшыл бұл жолдағы өнегелiлік мысал ретiнде Парсы елі 


282
патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтiредi. Руми Джалаледдин 
ол аңыз туралы былай дейдi:
«Бiр күнi Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу 
естидi. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап 
алып, Әдхамның алдына әкеледi. «Мұнда не iстеп жүрсiңдер?» – деген 
сұраққа, олар: «Түйелерiмiздi iздеп жүр едiк», – дептi. «Қай заманда 
кiм түйенi шатырдан iздеген екен?» – деген сұраққа, олар: «Бiз сенен 
өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей 
ме? Қай заманда кiм осындай орыннан Құдайға жақындап еді? – дептi. 
Осыдан кейiн Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезiп, дәруiштiк жолға 
түскен екен». Мiне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етiп былай дейдi:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргiл,
Тiлек берсең, дүние қызығын тепкiм келер».
Сопылық философияның көрнектi өкiлi Баязиттi де өнеге тұтып: 
«Шайық Баязит жетпiс рет өзiн сатты,
Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты», – дейдi.
Әрине, мұндай пiкiрлер кейбiр оқырмандардың дүниеге деген 
көзқарасына сай келмеуi мүмкiн. Бүгiнгi жеке меншiктi қалып-
тастырып, оны ары қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп 
насихатталғаны баршаға мәлiм. Саяси тұрғыдан алғанда, ол керек те 
болған шығар, өйткенi бұрынғы Кеңес Одағындағы өндiрiстi жаппай 
мемлекеттендiру адамдардың өндiрiстi дамытуға деген ынталарын су 
сепкендей басып, өндiргiш күштердi тоқыратқан болатын. Негiзiнен, 
сол себептi ол қоғам да құлдырап, келмеске кеттi емес пе? Алайда тек 
дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкiн бе? Әрине, жоқ. Бұл 
жөнiнде Қ.А.Яссауи былай дейдi:
«Дүние менiкi дегендер, жаһан малын алғандар –
Құзғын құстай арамға белшесiнен батқандар.
Молда, мүфти болғандар, жалған жала жапқандар,
Ақты қара қылғандар – ол тамұққа түседi.
Қазы, имам болғандар, нақақ жала қылғандар –
Есектей болып жегiлiп, жүк астында қалады.
Пара алған әкiмдер, арамдықпен жүргендер –
Өз бармағын өзi шайнап, өкiнiшпен қалады».
Ол өз заманындағы рухани-адамгершiлiк ахуалға көңiлi толмай, 
ондағы кемшiлiктердi қынжыла сынайды:
«Үлкен-кiшi адамдардан әдеп кеттi,
Қыз, келiншек, нәзiк жаннан ұят кеттi.
«Ұят барда иман бар», – деп Расул айтты...
Ғажап сұмдық заман болды, достар.
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша мен уәзiрлерде әдiлет жоқ...
Түрлi бәле халық үстiне жауды...».


283
Шамасы, Қ.А.Яссауидiң өмiр сүрген заманы ерте феодалдық 
қатынастардың қалыптасып, қарқынды даму, таптық қатынастар 
қайшылықтарының артуы кезеңi болса керек. Ендi бүгiнгi күнге көз 
жiберсек, «қазы, имам болғандар» (қазiргi соттар), «пара алған әкiмдер», 
«ар-ұждан, әдеп, ұят, имандылық, қайырымдылық, әдiлеттiлiк» т.с.с. 
рухани құндылықтардың құлдырауы Қ.А.Яссауидiң заманына ұқсамай 
ма екен? – деген ащы сұрақ ойымызға келедi.
Жоғарыда қойылған сұраққа жауап беру үшiн, бiз қысқаша болса 
да, өткен жақын тарихқа көз жiберуiмiз керек. Кеңес өкiметi бүкiл 
ұлттық байлықты мемлекеттендiрiп, жеке меншiктi түбiрiнен опы-
рып, оның иелерiн қуғын-сүргiнге ұшыратып, қоғам өмiрiне тұрпайы 
теңдiк принципiн енгiзген болатын. Мұндай жағдайда адамдар 
ерiктi еңбек етiп, өз қалауынша өмiр сүре алмай, iшiнен тынып, 
екiжүздiлiкке, айтылған сөз бен ой арасындағы алшақтыққа баруға 
мәжбүр болды. Ендi, мiне, үш ұрпақ бойы (75 ж.) жаншылған ерiктiкке 
деген ынта, ырық тұрпайы социализмнен бас тартқан кезде, өзiнiң 
арнасынан шығып, қоғамның рухани-адамгершiлiк құндылықтарына 
өзiнiң терiс әсерiн тигiздi. Көркемдеп айтсақ, көп жылдар бойы бетi 
жабық ыстық қазанның iшiнде жиналған бу үлкен жарылысқа әкелiп, 
қоғамның бiршама рухани iргетастарына зақым келтiрдi. Сондықтан да 
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру басталған кезде бiршама байлық 
«тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында» кете барды, лезде бай, өте 
бай адамдар пайда болып, халықтың көпшiлiгi кедейленiп, бiршама 
бөлiгi тiптi қайыршылық жағдайға кез болды. Кеңес заманында шын 
билiкке жете алмай, Мәскеу партократтарының қолшоқпарларына 
айналған, сол рухта ондаған жылдар бойы тәрбиеленген көптеген 
шен иелерi жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттiң шеңберiнде 
өздерiн бүкiлұлттық сана-сезiмнiң, талаптардың деңгейiнде ұстай 
алмай, өз қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерiнiң негiзгi себебi 
де осында жатса керек. Қ.А.Яссауи бабамыздың сөздерiмен айтсақ, сол 
кезде пендешiлiк руханияттан басым болып, «өзiмшiлдiк», қоғамдық 
мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады. 
Бүгiнгi таңда, мемлекеттi басқаруға жаңа ұрпақтар легi кел-
ген кезде, нарықтық қатынастар бiрте-бiрте заңды жолға қойыла 
бастады да, сол себептi қоғамдық ахуал да басқаша өзгере бастады. 
Қазiргi басты мiндеттердiң бiрi – қоғамның рухани өмiрiн жан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет