312
1990, с. 90). Мұның өзi де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенiн
дәлелдемей ме ?
Ақынның ойынша, ар-ұждан – рухтың өзегi, сондықтан бүкiл
өнер-
бiлiм оның сынынан өтуi керек.
«Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңiл, қайнар өмiр
Ар iлiмi қосылса».
Бiз бұл мәселеге
оқырманның ерекше назарын аударғымыз келедi.
Өйткенi ол бүгiнгi таңда бүкiл адамзаттың ары қарай дамуының шешушi
мәселесiне айналып отыр. Ар-ұждан аясындағы ғылым тiршiлiктi
сақтап, қоғамды гүлдендіреді, ал оны еске алмайтын ғылым бүкiл
тiршiлiктi адамзатпен бiрге құртып жiберуi мүмкiн. Оған бүгiнгi
таңда
балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пiкiрге екi дүниежүзiлiк
соғыстан, Бухенвальд
пен Освенцимнен өтiп, миллиондаған адам
өмiрiнен айырылып барып келген болатын.
Шәкәрiмнiң
заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физика
ғылымы тек өзiнiң алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр едi.
Болашақта болатын апатты әлi ешкiм сезiнген жоқ-ты.
Ғылымның
тез қарқынмен дамуының негiзiнде
сциентистiк-технократиялық
(таза ғылым мен техниканың шешушi рөлiн мойындайтын iлiм)
көзқарастар кең етек жайған болатын. Мiне, осындай ахуалда ұлы баба-
мыз
көрегендiк танытып, болашақта болуы мүмкiн апаттарды
алдын
Достарыңызбен бөлісу: