Серік Мырзалы философия оқу құралы


егемендiгiне жететiне сендi



Pdf көрінісі
бет219/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   422
егемендiгiне жететiне сендi және сол үшiн қажымай-талмай, қолынан 
келгенiнiң бәрiн жасады. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектеп-
терде жұмыс iстеп, неше түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды, 
романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи 
мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшiн, барлық 
қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз Ахаңның мына жолдары-
нан байқаймыз:
«Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм,
Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын – жабықпаймын:
Ел бүгiншiл, менiкi – ертеңгi үшiн» (қараңыз: Қазақ тiлi мен 
әдебиетi, 1993, № 4, 3 б.).
Ақырында, бәрi де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан 
«мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.
Ендi олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негiзiнен, 
әңгiме саяси және құқықтық философия төңiрегiнде өрбiмек.
ХХ ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) 
кейпi бүкiл сол кездегi ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың 
бәрiн бейнелегендей. Оқулықтың көлемiне байланысты, осы ғұламаның 
еңбектерiн көрсету арқылы оқырманның сол кездегi ой-пiкiр жөнiндегi 
түсiнiктерi қалыптасар деген ойдамыз.
Халықтың Жаңа дәуiр келген кездегi аянышты да мұңды ахуа-
лын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерiн 
ойшыл халықтың негiзгi бөлiгiнiң су қараңғылығы мен надандығынан, 
ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен iрiп-
шiруi, патша өкiметiне ой-қамсыз берiлiп қызмет етуiнен т.с.с. себеп-
терден көрдi. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту 
керек, ол үшiн басқа амал болмаса, оны «маса» сияқты шағу керек, ал 


315
М.Дулатовқа келсек, ол тiптi «Оян, қазақ» деген ашық ұран тастаған 
болатын.
Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуi – алыста 
жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегi нақтылы-тарихи 
жағдайға байланысты Ресей мемлекетiнiң шеңберiнде Қазақстан-
ның автономиялық дәрежесiне, өзiн-өзi басқару мүмкiндiгiне жетiп, 
халықты ағарту, мәдениеттi жаңарту арқылы көптен берi созылған 
халықтың ауруы қараңғылық пен ерiншектiкенжарлықтан құтқару 
мақсатын қойды.
А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудiң негiзгi 
жолы – демократиялық үдерiстi дамыту, адам құқықтарын сақтау, 
«Мемлекеттiң Думаның» мүмкiншiлiктерi қандай шолақ болса да, 
бәрiн заңды жетiлдiру арқылы жету деп есептедi. «Тағы да халық соты 
жөнiнде» деген «Қазақ» газетiнде 1911 ж. жарық көрген еңбегiнде ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет