Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды:  ол рулардың



Pdf көрінісі
бет220/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   422
«Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: 
ол рулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес
Өкiнiшке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның 
нәтижесiнде билiкке тайыз, арсыз адамдар өтiп кетедi де, ойларына не 
келсе соны iстеп, пара алып, жемқорлық жолына түседi. «Сондықтан 
халық сотына сайлағанда: бiлiмдi, таза, әдiлеттi, халыққа адал қызмет 
ететiн адамдарды таңдай бiлу керек», – деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл 
ойдың бiздiң қазiргi өмiрiмiзге де тiкелей қатынасы барын оқырман 
айтпай да түсiнетiн болар.
Қазақ жерiн қазынаға өткiзiп, одан жерi жоқ орыс шаруаларына 
жер беруге байланысты, соның нәтижесiнде әлеуметтiк-саяси ахуал 
шиеленiсе түстi. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:
«Бар жердi күннен-күнге алып жатыр,
Бiреулер алып қала салып жатыр.
Қырылысып өздi-өзiмен қазақ сорлы,
Жерiнен аузын ашып қалып жатыр», – деп ашына толғаған болатын. 
А.Байтұрсынұлы жердi тартып алу, халық бостандығының жойылу 
себептерiне тоқтала келiп, көп жағдайда халықтың зардап шегуi оның 
надандығы мен заңдағы белгiленген өз құқықтарын қорғай алма-
уында деген тұжырымға келедi. Сондықтан ол «Қазақ жерлерiн алу 
тәртiбi» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқықтарының 
қандай екенiн, жерлерiн заңды жолмен қалай сақтап қалуға болаты-
нын айтады. «Жердi жалға алу туралы» деген мақаласында ойшыл 
қазақтардың құқықтық надандығы мен келтелiгiнiң нәтижесiнде өз 
жерлерiнен айырылып жатқанын қамыға, қиналып жазады. Әрине, 
мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқықтық 
санасының өсуiне өзiнiң пайдасын тигiздi.


316
Қазақ жерiн отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, 
бұрынғыдай көшiп-қонып, мал бағып өмiр сүргiсi келген адамдарға ол 
жаңа ахуал өмiрге келгенiн, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерiн 
игеру керек екенiн айтады. Қазақтар өмiр бақи мал баққаннан кейiн, 
кейбiреулер: «Бiз оны жақсы бiлемiз, басқалар ол жайында бiзге 
не айтады деп лепiредi», – дейдi ойшыл. «Шынына келгенде, мал 
шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар 
жерлерге икемделген. Жер көлемi қысқарған сайын, оның мүмкiндiгi 
сарқыла түсуде», – деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, 
Жалын, 1991, 237-238 б.б.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы 
уақытқа шейiн өз маңызын жойған жоқ. «Бүгiнгi ХХI ғ. басындағы 
қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетiн болар, 
өсудiң орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазiргi тiлмен айтқанда, 
экстенсивтiк шаруашылық формаларын интенсивтiкке аудармай, қазақ 
қоғамы басқа халықтармен терезесi тең қоғамға айналуы екiталай», – 
деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгiнгi таңдағы тоқтап тұрған көп өндiрiс 
орындары осы ойды дәлелдейдi. Егер бiз тiптi жанкештi талпыныс-
пен соларды iске қосып, қаншама энергия, шикiзат, адам еңбегiн 
жұмсағанның өзiнде, ондағы ескi технологиялардың негiзiнде жасалған 
тауарларды кiм алар екен? Сондықтан бүгiн де, ғасырдың басындағы 
сияқты, жаңа технологияларды тезiрек игеру мәселесi күн тәртiбiндегi 
ең өзектi нәрсе емес пе?!
Қазақ өмiр салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап 
қалу, оның саны мен күш-қуатын өсiру мәселесiн талдаған да осы 
ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның 
тетiгiн қазақ әйелдерiнiң эмансипациясымен (теңдiгiмен) тығыз бай-
ланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбiлек», М.Дулатовтың «Бақытсыз 
Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерiнде қазақ 
әйелiнiң аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, 
бүгiнгi таңда қазақ әйелi – шынайы теңқұқылы қоғамның мүшесi. 
Сонымен қатар «ұлттық дәстүрдi» сақтап, «мұсылмандық жолына» 
түсiп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп көпіретін, 
лепiретін надандар да бiздiң қоғамда жоқ емес.
А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсiрудiң 
негiзгi жолдарының бiрi – сайын далада кең етек жайған жұқпалы 
аурулармен күрес деп бiледi. «Ол үшiн ғылыми бiлiмi бар кәсiби 
дәрiгерлердiң көмегi қажет, неше түрлi халықты алдайтын бақсы-
балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмiрiнде кең тараған аурулар 
туралы қызықты да қысқа көлемдi кiтапшалар жазылып, халық ара-
сында таратылуы қажет», – дейдi ұлы ойшыл. Бүгiнгi өтпелi қоғамдағы 
халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. 
жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық 


317
үдерiстi пайдаланып, медицина жөнiнде күңгiрт «бiлiмi» бар мыңдаған 
жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде 
керi кетушiлiк пе, оны оқырман өзi-ақ шешер.
Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғамның 
жаңаруының, түлеуiнiң қайнар көзiн ұлттық зиялылардан көрдi. 
Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бiрлiкке, олардың бiлiмi мен 
жалпы мәдениет деңгейiн көтеруге шақырады. «Қазақтардың ұғымында 
адамның екi тiлсiз жауы бар, ол – от пен су», – дейдi ойшыл. Үшiншi 
жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған – «менмендiк», 
«көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бiрлiктiң жоқтығы», «сатқындық» 
т.с.с. Шендi қуып, патша қызметшiсiнiң жарқыраған түйме мен жап-
сырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара 
алу сияқты жоғарыдағылардың терiс қылықтарын ақын қатты сынға 
алады (Ақ жол., 213-б.). Ол зиялыларды халық мүддесiне жан аямай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет