373
дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға
қол жеткізеді.
Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте
«абсолюттік
рух» деген ұғым да кездеседі. Көбінесе
оны философия тарихында
Құдайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша,
абсолюттік рухқа
«өнер»,
«дін», «философия» жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық
еріктіктің негізінде алдайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды;
тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұғымдар арқылы
жете түсінеді,
сондықтан Гегельдің ойынша,
философиядан биік рух
жоқ, ол – рухтың ең биік сатысы.
Қорыта келе, біз болмыс ұғымының өз бойына бүкіл әлемді (мате-
рия мен рухты, субъект пен объектіні),
олардың өзара байланысын
қамтитынын байқадық. Бұл – шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан
оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз
оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауы-
мыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі бол-
мыс жөніндегі ілімді толыққанды суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: