Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік



Pdf көрінісі
бет270/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   422
§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
Жалқы мен жалпы санаттарымен тығыз байланысты, болмыста 
терең тамырланған ұғымдар – тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.
Бұрынғы философия оқулықтарында бұл ұғымдар жоқ болатын. 
Бірақ бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, 
олардың мән-мағынасы күрт өсуде, өйткені тәуелсіздіккейбір 
әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы 
ұлттық дегдар топтың билікке деген ұмтылысынан пайда болған 
құбылыс емес, оның түп-тамыры тереңде – болмыстың өзінде жатыр. 
Тәуелсіздіктің баянды болуы, оның қазақ халқына ауадай қажеттігінің 
негізінде осындай философиялық пайымдау жатыр.
Енді осы айтылған тұжырым жалаң болып көрінбес үшін, оны 
дәлелдеп көрелік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дүниеде – Жер болсын, 
аспан болсын, біз екі бір-біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты 
таба алмаймыз. Микроәлемдегі элементарлық бөлшектерден бастап 
мегаәлемдегі жұлдыздарға дейін әрбір зат, я болмаса құбылыс тек 
өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және қайталанбастық, 
басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани 
болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпи-
кур болжамдаған болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте құлдырап 
бара жатқан кезде алғашқы бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі 
ядролық физиканың деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 
300-ге жуық элементарлық бөлшектердің әрқайсысының өз табиғаты, 
сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең ұсақ бөлшектер – 
адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-біріне 
салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама еріктіктің деңгейінде 
өмір сүреді» (қараңыз: Материалистическая диалектика., М., Мысль, 


379
1983, 61 б.). Әсіресе көрнекі түрде тәуелсіздіктің сипатын тірі және өлі 
табиғаттағы, қоғам өміріндегі статистикалық үдерістерден байқауға 
болады. Мысалы, газ табиғаты жөніндегі қазіргі теориялар әрбір 
молекуланың бір-біріне тәуелсіздігін көрсетеді. Тек қана сырттай шек-
теу қойылған кезде ғана (белгілі бір құйманың ішінде) олар бір-бірімен 
болуы мүмкін байланыстарға түседі. Сол себепті, статистикалық 
заңдылықтардың негізінде әрбір бөлшектің бағытын білу мүмкін емес, 
ол оның дербестігін, тәуелсіздігін көрсетеді, тек олардың жиынтығының 
заңдылықтарын ғана анықтауға болады. (қараңыз: П.В.Алексеев., 
А.В.Панин. Философия., М., Проспект, 1998, 424 б.). Термодинамиканың 
екінші бастамасы дүниеде дезинтеграция (ыдырау), энтропия (күш-
қуаттың төмендеуі), хаос (бытырау) үдерістері жүріп жатқанын мо-
йындайды. Ал мұның өзі де заттар мен құбылыстардың болмыстағы 
«өз еріктігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың 
әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі 
қағидаларының бірі – әрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал 
оның өзі бастапқыдан бір-біріне тәуелсіз берілген.
Тірі табиғатта да біз осындай жайттарды байқаймыз. Мысалы, 
ағаштың бұтақтарында өсіп тұрған 50 мың жапырақтың бір-біріне 
толығынан ұқсас екеуін тауып алу мүмкін емес. Әр жапырақ дүниеге 
өз болмысымен келіп, соңында – кетеді. Бір ананың бойында өсіп, 
дүниеге келген егіз – екі түрлі болып келеді, олар қанша бір-бірімен 
ұқсас болғанымен, тәуелсіз, қайталанбайтын, ұқсас емес жақтарымен 
танылады.
Ал егерде адам болмысына келер болсақ, «дүниеде болу – ерек-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет