жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен
құбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда,
бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері
арқылы ғана іске асады. Сөйтіп, жалпылық дегеніміз де болмыстағы
жалқы заттар, құбылыстар мен үдерістердің өмір сүру заңдылығы
болып шықты.
Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап
қалған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үдеріс тек өзіне тән,
дүниеде қайталанбайтын жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан,
толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір
зат, құбылыс, үдеріс ерекше – өз бойында қайталанбайтын, тек өзіне
тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы
жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы
бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа
шейін көп мәселелердің шешімі осы даралық пен жалпылықтың диа-
лектикасын жете түсінбеуден пайда болады.
Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон
болған-ды. Оның «эйдос әлемі» – «заттар әлемімен» салыстырғанда,
өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне кел-
ген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос
әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон маған
қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», – деп, оның өзінше өмір
сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара зат-
тардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни
формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол:
«Форманың формасы – Құдай», – дейді.
Жалпылық пен жалқылық Ортағасырдағы негізгі философиялық
мәселеге айналып, реализм (realіs – латын сөзі, шынайы) мен номи-
нализм (nomіnіs – латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады.
Негізгі мәселе – жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ –
универсалиялардың) онтологиялық мәртебесін анықтауда болды. Реа-
листер жалпылық жеке заттардан бөлек өмір сүреді деген пікірге
келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық
әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы, ортағасырлық
схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі
өмір сүреді деген пікірге келеді. Біріншіден, ол Құдайдың ойынан
376
шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың
ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда
болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ,
олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық
дегеніміз – заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған
есімдер ғана деген пікірге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |