Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет290/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   422
а) материалдық болмыс
Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйенсек, материалдық дүние 
осыдан 20 млрд. жыл бұрын болған «Ұлы жарылыстың» нәтижесінде 
пайда болды. Оған дейін материя өзінің сингулярлық, яғни бірнүктелік 
орасан зор қысымдық жағдайында болған. Мұндай жағдайда өмір 
сүрген материяның ішінде қандай үдерістердің болғаны жайында 
ешкім ешқандай болжам айта алмайды.
«Ұлы жарылыстың» нәтижесінде, негізінен, материяның құрылы-
мының үш деңгейі пайда болды:
1. Макроәлем, ондағы заттардың көлемі адамзат тәжірибесімен 
салыстырмалы; кеңістік – мм., см., км., ал уақыт – сек., мин., сағ., жыл 
ұзақтығымен беріледі.
2. Микроәлем – көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады. 
Олардың көлемі 10 минус 8-шіден 10 минус 16 дережедегі см. болса, 
өмір сүру ұзақтығы – 10 минус 24 дәрежедегі сек. дейін.
3. Мегаәлем – ғарыштағы орасан зор нысандар. Олардың бір-
бірінен қашықтығы сәуле жылымен есептелсе, өмір сүру уақыты 
миллиардтаған жылдарға созылады. 
Әрбір әлемнің шеңберінде өз өмір сүру заңдылықтары бар. Сонымен 
қатар олар бір-бірімен өте тығыз байланыста екенін айтып кеткен жөн.
Бүгінгі таңда ашылған материяның екі түрін келтіруге болады. 
Оның бірі – табиғаттың заты болса, екіншісі – физикалық өрістер. 
Олардың бір-бірінен айырмашылығы:


438
– зат бөлшектерден – атомдардан тұрады, ал өріс бөлінбейді;
– заттың бөлшектерінің тұрақты салмағы бар, өрісте жоқ;
– заттың өткізбейтін, я болмаса аз өткізетін қасиеті бар, өріс 
өткізгіштігімен танылады;
– өрістің тарауы сәуленің жылдамдығына тең болса, заттың 
жылдамдығы бірнеше дәрежеде одан төмен. 
Егер бізді айнала қоршаған макроәлемді мыңдаған жылдар бойы 
адамзат зерттеп келсе, микроәлем мен мегаәлем соңғы ғасырларда ғана 
танылуда. Бүгінгі таңда микроәлемнің құрамында 300-ге жуық жай 
бөлшектер ашылып, олардың қасиеттері зерттелуде.
Соңғы жылдары мегаәлемді зерттеуде де қомақты нәтижелер бар. 
Олардың бірі ғарыштың өне бойы кеңеюдегі үдерісі болса, екіншісі – 
реликтік (relіc – лат., қалдық) радиотолқындардың таралуы болды. Осы 
екі жаңалықтың негізінде «Ұлы жарылыс» теориясы жасалған бола- 
тын – оны бүгінгі таңдағы ғалымдардың көпшілігі мойындады. 
Ғарышты зерттеудегі келесі жаңалық – «қара нүктелер», ғалым-
дардың пайымдауынша, олар сөнгеннен кейін коллапсқа (collapse – 
ағылш. сөзі, – құлдырау) ұшыраған алып жұлдыздар. Біздің галактика-
дағы «Магеллан тұмандығындағы» жақында ашылған «үлкен жары-
лыс» – жаңа жұлдыздардың дүниеге келуінің айғағы. Сонымен, бір 
жағынан, жұлдыздар уақыты келгенде сөніп, коллапсқа ұшырап, «қара 
тесікке» айналып жатса, екінші жағынан, жарылыстың негізінде жаңа 
жұлдыздар дүниеге келіп жатыр. 
Қорыта келе, материалдық дүние өне бойы өзгерісте, қозғалыс пен 
даму үдерісінде екенін қазіргі жаратылыстану ғылымдары көрсетіп 
отыр. Біздің білетініміз өте аз. Ғылым ары қарай дамыған сайын, әлі 
талай-талай ғажап жаңалықтар ашылатыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет