Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет292/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   422
б) сана мен ми
Сана қаншалықты идеалдық құбылыс болғанмен, белгілі бір 
материалдық негізсіз өмір сүре алмайды. Осы арада психологиялық-
физиологиялық мәселе пайда болады.


441
Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялық негізі адамның 
миында жатыр. Ол, негізінен алғанда, екі жарты шарды құрайды. Оның 
үсті өте нәзік қабықтан – нейрон клеткаларынан тұрады. Орташа есеп-
пен алғанда олардың саны – 14,5 млрд.!!! Әрбір нейрон клеткасы адам 
саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы бір-бірімен 
байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық бай-
ланыс нүктелері пайда болады. Егерде шахмат ойыншылары 64 клет-
када 32 фигуралармен миллиондаған ойын нұсқаларын тудыра алса
70 млрд. жуық «клеткалары» бар мидың әлеуеті шексіздікке кетпей 
ме?! Адамның миы өз салмағының 2,5%-ын құрағанмен, организмнің 
қабылдайтын оттегінің 20%-ын жағады екен, бұл да ғажап емес пе? 
Яғни жүрекпен қатар, ми да өте қарқынды жұмыс істейтін мүше екені 
анықталды.
Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды 
қабылдап, алынған ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми 
бөлімдеріне жеткізеді, міне, осы сәтте оларды сараптау басталады. 
Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық 
өрістер» негізінде жүреді.
Ал мидың ішкі құрылымдарына келсеқ, олар әлі дұрыс танылмаған, 
өте күрделі де көне болып танылады. Олар бүкіл физиологиялық 
үдерістерді бейсаналық жолмен ретке келтіріп отырады деп болжауға 
болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз минутына 60 рет соқса, оны 
басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет электримпульс 
жіберіп, оны соқтыртады… Адамның бауыры әсіресе таңғы сағат 
4-тен 6-ға шейін белсенді істейді екен. Бұл үдерістің уақытын анықтап 
басқаратын мидың арнаулы бөлігі бар т.с.с.
Миды зерттеудегі негізгі қиындық – адамның ең биік құндылық 
екендігі, ендеше, оған ешқандай эксперименттер жасауға болмай-
тындығы. Сондықтан адамның миы тек жанама түрде ғана зерттеледі. 
Мұндағы зерттелмеген нәрселер шаштан да көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет