442
өз ойын дамыта алады. Сана – адамдар жасаған әр затта, она айнала
қоршаған «жасанды табиғатта» сөнген. Өзінің өмірінің барысында сол
заттарды пайдаланып, адам ондағы
сөнген рухты қайта тірілтіп, өз
санасының құрамына айналдырады.
«Ұлы мәртебелі Табиғаттың» жасаған «аянышты тәжірибелеріне»
тоқталсақ, жоғарыда айтылған ойдың ақиқаттығына көзіміз жетеді.
1920 ж. Үндістан еліндегі орманда қасқырдың соңында төрт аяқтап
жүгіріп бара жатқан екі егіз қыз ұсталады. Олар қасқыр алып кетіп
өсірген Амала мен Камала болып шығады. Оларды адами өмірге қайтару
мақсатында Дели университетінің психология факультетінде зерттейді.
Ақырында, адами қатынастарға шыдай алмай Амала өледі де,
Камала
16 жасқа шейін өмір сүріп, небары 30-ға тарта сөздің мән-мағынасын
ұғады. Бірақ ол сөздерді сөйлем ретінде бір-бірімен ұштастырып айта
алмайды. Олар күндіз енжар болып қалғу үстінде болса, түнге қарай
көздері жарқырап, қасқырша ұлып, белсенділік көрсетеді…
Екінші ғылыми экспериментті Кеңес Одағының көрнекті ғалымдары
В.Мещеряков пен Э.Ильенков 60 жылдарда жасайды. Олар көзі көрмей,
құлағы естімей
туған төрт баланы тәрбиелеп, адами өмірге әкеледі.
Ең алдымен оларды кеңістікті сезінуге үйрету керек болды. Ол үшін
балаларға емізікпен тамақ берген кезде, оны бірте-бірте аузынан
алшақтатады, ал бала оны қолымен ұстап жібермеуге тырысады, яғни ол
кеңістікті сезіне бастайды. Жүре келе, олардың қолына қасық ұстатып,
тәрелкеден тамақ алып, аузына жақындатып салуға үйретеді т.с.с.
Сөйтіп, адами заттарды игерудің арқасында олардың сана-сезімі оянып,
олар
адамдардың қатарына қосылып, тіпті сөйлеу дәрежесіне дейін
көтеріледі. Қалам иесі 1976 ж. болған ММУ-дағы жұмыс сапарында
олармен көзбе-көз кездесіп, сұхбаттасқан болатын.
Олар ол кезде пси-
хология факультетінің студенттері еді… Бұл теңдесі жоқ ғылыми экс-
перимент И.Канттың кеңістік жөніндегі априоризмін теріске шығарды,
сонымен қатар сананың әлеуметтік табиғатын шынайы көрсетті.
Келесі экспериментті АҚШ-тағы ғалымдар жасады. Олар шимпан-
зенің жаңа ғана туған баласын қолдарына алып,
әлди-әлди өлеңдерін
айтып, адами жолмен тәрбиелеп өсірді. Бірақ ол сөз ұғу дәрежесіне
көтерілмеді. Сонымен қатар ол 240-қа жуық «ымдау тілімен» айтылған
мән-мағынаны түсінетін дәрежеге көтерілді. Қаншалықты тәрбиелесе
де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты.
Бұл айтылған деректердің бары де сананың – әлеуметтік адами
құбылыс, ал мидың өзі ойлау құралы екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: