482
Бүгінгі
қоғамды алсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны,
тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі мәртебеге жетуі
мүмкін. Мысалы, біздің елбасы қарапайым
шаруаның отбасында
дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы мәртебелерге жетіп,
ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам
тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік
ашса, ондай қоғамды
«ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы,
бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашық қоғам»
деп әбден айтуға
болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы,
білімі арқасында биік мәртебелерге жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-
талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!
«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда
қазіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды
салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық
қоғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда
идеология кең орын алып,
шетелдерде болып жатқан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана
көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды,
халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.
Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен
мәртебелер
жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды
тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше
түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі
бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын
бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін.
Әлеуметтік
институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын,
еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады.
Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі
рөлдерді меңгеріп, неше
Достарыңызбен бөлісу: