Серік Мырзалы философия оқу құралы


еңбекке деген күш-қабілеті



Pdf көрінісі
бет317/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   422
еңбекке деген күш-қабілеті. Оның тек өзіне ғана тән қасиеті өз 
бағасынан да жоғары қосымша құн тудыруында жатыр. Мысалы, капи-
талист жұмысқа қабылдаған адамға 500 доллар жалақы төлейді. Ол 
оның отбасын асырауға, өзінің күнбе-күнгі жұмысқа деген күш-қуаты 
мен қабілетін толықтырып отыруға жетеді. Бірақ ол шынында 1000, я 
болмаса 1500 долларға жуық материалдық игіліктерді жасауы мүмкін. 
Ол – капиталистің байлығын өсіретін қосымша құн. Оны, халықтың 
жалпақ тілімен айтсақ, қанау дейміз. Әрине, К.Маркстің ашқан бұл 
теориясының уақытында қоғамның саяси саласы мен жұмысшы 
қозғалысына тигізген үлкен әсерін айтпай кетуге болмайды. Өйткені 
ол бұл құбылысты жеке меншікке негізделген шаруашылыққа ғана тән 
деген тұжырымға келеді. 
Алайда адамды адамның қанауы мемлекеттік (яғни қоғамдық) 
меншікке негізделген қоғамда да болуы мүмкіндігін өткен Кеңес 
қоғамының тарихы айқын көрсетті. Бұл қоғамда әсіресе ауылдағы 
механизаторлар, сауыншылар, кен өндірісіндегі шахтерлер, металлург-
тар т.с.с. топтардың қаналғаны қазір баршаға мәлім.
Екінші жағынан, бүгінгі дамыған капиталистік елдерде капитал-
дың өсуі, негізінен, жұмысшыларды қанаудан емес, ғылыми-техни-
калық революцияның жетістіктерін ұтымды пайдалану арқылы 
іске асып жатқанын айтып өту керек.
Шын мәнінде, қанаудың негізгі анықтамасы – адамның мерзімсіз 
азып-тозуы, оның өмірінің қысқаруы болып табылады. Ал бүгінгі 
таңдағы дамыған елдерде адам өмірінің ұзақтығы өте биік дәрежеде 


480
болғандықтан, «қосымша құн» теориясы өзекті мәселе деп айта 
алмаймыз.
Ал К.Маркстің ашқан екінші – тарихты материалистік тұрғыдан 
түсіну қағидасына келсек, қоғамтану саласында оған парапар 
тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын сияқты. 
Қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен құбылыстардың 
ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде 
бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың 
қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу 
керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім 
кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Олар-
сыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны 
өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік 
қатынастар пайда болады. Соңғы – қоғамның іргетасын құрайтын 
шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне 
тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді 
мемлекет, саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни т.с.с. 
құбылыстар орналасады. 
К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі 
қиындық – өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз 
қалыптасуы. Адам әрқашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам 
өзінің отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында басқа адамдармен 
саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік қатынастарға келген кезде 
«санасын үйде қалдырып кететінін» көзге елестету тіпті мүмкін емес. 
Олай болса, К.Маркстің негізгі қағидасын қалайша түсінуге болады? 
К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы 
бабалардан қалған қоғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол 
өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс 
жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза бет-
тен» ары қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді 
игеруге және өз өмір шеңберінде оны ілгері дамытуға мәжбүр болады. 
Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет