Серік Мырзалы философия оқу құралы


Скептицизм Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым –  ол скептицизм



Pdf көрінісі
бет62/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   422
Скептицизм
Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым – 
ол скептицизм (skeptіkos – ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты 
ізденуші болса да, барлық дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың 
ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге 
қарсы тұрған ілім – ол догматизм (dogma – ілім), ғылымда ашылған 
белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау.
Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз 
келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені 
бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат 
жоқ. Әртүрлі философиялық ағымдар дүниенің ең жалпы сұрақтарына 
өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, 
болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ 
үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете 
түседі…
Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. 
Скептицизм барлық дүниетанымға күмәндануды, танымның ақиқатқа 
жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.
Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Прота-
горды еске түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір 
айтуға болады», – дейді ол кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады.
Қазіргі таным теориясындағы қайсыбір білімнің салыстырмалы 
екендігі де белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.
Скептицизм бағытының ірі тұлғасы – Пиррон (360-370 б.ғ.д.).
Пиррон жазылған еш нәрсе қалдырмаса керек. Ол өзінің ойларын 
оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, не 
түрсіз деп, әділетті, не болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оның ойынша, 
ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Зат-
тар сезіммен де, ақыл-оймен де танылмайды, сондықтан олар жөніндегі 
қандай пікір болса да, ақиқатқа жеткізбейді. Пиррон өзінің осы 
пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді:
«Еш нәрсені заттарға қатысты айтуға болмайды, өйткені олар 
әртүрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: 
біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне зиянды; әртүрлі адамдар 
да заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әртүрлі 
түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (Күннің сәулесі көзге жарық болып, 


96
денеге жылылық әсерін тигізеді). Адам өзінің жан дүниесінде әртүрлі 
жағдайда белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әрқилы басқа 
құбылыстармен бірге қабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып 
көрінеді; белгілі бір тұжырымға қарсы екінші бір пікірді айтуға болады 
және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа жақын деп айту қиын. 
Сондықтан дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың колында».
Олай болса, адам еш нәрсенің ақиқатын білмегеннен кейін, олар 
жөнінде ешқандай тұжырым жасаудан аулақ болуы керек.
Пиррон туралы мынандай аңыз қалған. Кемемен теңізде жүзіп 
келе жатқанда үлкен толқындар пайда болып, адамдардың көңіл күйі 
түсіп кетеді. Бірақ Пиррон айналаға самарқау қарап, адамдарға кемеде 
тамақ күйсеп жатқан торайды көрсетіп: «Неге қорқасыңдар, осы торай 
сияқты еш нәрсеге алаңдамай, өздеріңді дана адамға ұқсас сияқты 
ұстамайсыңдар ма?» – деген екен.
Атақты орыс философы А.С.Богомолов: «Скептицизм адамдық 
дәрежеге сай емес, одан төмен тұрған ілім», – деген пікір айтады. 
Өйткені қауіп туғандағы қорқыныш сезімі адамдыққа лайықты 
болмағанмен, қорыққан адам ең болмаса өзінің өміріне кауіп төніп 
тұрғанын біледі. Ал нағыз адамдық нәрсе – ол содан кейін барлық күш-
жігерін жинап, сол қауіпқе қарсы тұру, осы күресте барлық өмірдегі 
алған тәжрибесін, білімін жұмсау болса керек. Богомоловтың бұл 
пікіріне толық қосылуға болады.
Сонымен, скептицизммен антикалық философия аяқталады. Грек 
философиясында ең алдымен оптимистік дүниетаным пайда болды. 
«Білемін және соған сәйкес әрекет етемін» деген қағида – көне гректер-
дің ең биік мұраты. Эпикурлықтар: «Білемін, сондықтан бас тарта-
мын», – деді. «Білемін және оған көнемін», – деп стоиктер айтты. Ал 
скептиктер: «Білмеймін, сондықтан қалай болса солай өмір сүре-
мін», – деп, көне грек ой-пікірін аяқтады. Ал мұның өзі Көне заманның 
(құлиеленушілік қоғамның) тарихи мүмкіншілігінің сарқылғанын, 
жаңа ой-өрісіне өрлеу керектігін қажет етті.
Бұл жаңа талапқа сай келген Орта ғасырларда пайда болған тамаша 
философия діннің шеңберінде пайда болған сенім философиясы еді. 
Келесі тарауда соны талдауға көшеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет